2 миллион! Ерке Есмаханның бір тойға алатын гонорары мәлім болды!

Бүгінде қазақ эстрадасының бірталай әртісі тойда өнер көрсету арқылы қыруар қаржыға кенеліп жүр. Соның бірі – Ерке Есмахан. Әншінің күн тәртібі де тығыз, себебі Ерке Қазақстанның түкпір-түкпірінде концерт беріп қана қоймай, тойларға да шығады.

2 миллион! Ерке Есмаханның бір тойға алатын гонорары мәлім болды!

Осылайша сұранысқа ие болып жүрген Ерке Есмаханның бір тойға кем дегенде 2 млн қаражат алатыны мәлім болды. Ал, басқа қалаға бару қажет болса, жол және қонақ үйді бөлек төлеу қажет екен. Сонда ғана, Ерке сіздің қуанышыңызда 7-8 әнін орындап беруге дайын. Бұл ақпарат Ел Арна телеарнасында «Жаңа қадам» бағдарламасында айтылды.

Ал, өзге әртістер арасында дәл осындай сомманы талап ететін Ернар Айдар мен жас әнші 2Rar да бар. Ал, Сәкен Майғазиев пен Мөлдір Әуелбекова 1,5 млн сұраса, Мәдина Сәдуақасова 1 млн теңгеге тойға келуге келісімін береді.

Поделиться: