18+
25 января 2016

20 жасыңда қандай жетістікке жеттің?

20 жас – ол адам өмірінде армандаған мақсаттарына жетудегі алғашқы қадамдарын жасайтын негізгі кезең болып саналады. Осы жасқа келгенде, біз өзіміздің есейгенімізді сезініп, өмірден не алғымыз келетінін білеміз. Қазақ қайраткерлері арасында 20-жасында қоғамның дамуына өз үлесін қосып, тарихта ізін қалдырған үлкен жетістіктерге жеткен қайраткерлер жетерлік. Қазақ басылымдарының бірі осы қайраткерлер жайында жазған болатын. Біз де сіздерге біздің басылымда олар жайында айтып бергіміз келіп отыр. Осы ұлы тұлғалардан үлгі алып, оларға ұқсауға тырысайық.

Ыбырай Алтынсарин 20-жасында өзі сұранып, Торғай мектебінде (Қостанай облысы жақта) мұғалім болып барған. Оған дейін ел ішіне мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы төрт жыл өз үйінде оқытады.

«…көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім», — деп жазды Ыбырай белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрған. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысқан болатын.

Нақыл сөз: «Өнер, білім — бәрі де оқуменен табылған».

20 жасыңда қандай жетістікке жеттің? 1

Міржақып Дулатұлы 20-жасында Қарқаралыдағы саяси бұқаларалық жұмыстарға араласып, патша өкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазуға қатысады.

Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырған.

Нақыл сөз: «Халықтың жайын, салтын, рәсімін, тілін білмейтін сот — сот емес, сор».

20 жасыңда қандай жетістікке жеттің? 2

Шоқан Уәлиханов 19-жасында «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты алғашқы ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін зерттейді. Жастығына қарамай, Шоқанның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындаған.

Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік заңдардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығатынын түсіндірген.

Нақыл сөз: «Бізде қоғамдық қажеттіліктерді білмейтіндіктен және гуманистік теорияларға тым берілгендіктің салдарынан дәл осы сәтте мүлдем керексіз жаңалықтар мен реформалар кіргізу өте жиі кездеседі».

20 жасыңда қандай жетістікке жеттің? 3

Сұлтанмахмұт Торайғыров 20-жасында «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, бірқатар әңгіме, мақалаларын сол журналда жүріп жазады.

Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытқан адам. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысқан. Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» ол Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеген.

Сондай-ақ, Торайғыров «Қамар сұлу» романында әйел теңсіздігі мәселесін көтеріп, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаған. «Кім жазықты?» романында болса ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей отырып, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынаған.

Нақыл сөз: «Адамның ең ұлы қасиеті — бақытты болуға талпынуы».

20 жасыңда қандай жетістікке жеттің? 4

Мұхтар Әуезов 20-жасында Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады. Келесі жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихында да оның университеттегі қызметінің алатын орны зор. Сөйтіп ол абайтану атты жаңа ғылымды ұлттық университетте осылайша қалыптастырған.

Нақыл сөз: «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен».

20 жасыңда қандай жетістікке жеттің? 5

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: