8 қараша: Ай тұтылған күні не істеуге болмайды?
Источник фото: Shutterstock

Ғаламшарлардың да өз заңдылықтары бар. Аспандағы жұлдыздардың өзгеріске ұшырауы Жер шарының тұрғындарына да әсер етпей қоймайды. Мәселен, 8 қараша күні Ай қызыл түске боялады. Бұл құбылысты ғылымда

Жер шары Ай мен Күннің арасынан өткен кезде, Жер Шарының көлеңкесі Айға түскен сәтте орын алады дейді. Осылайша, Айдың тұтылуы болмақ.

Астрономдардың болжауынша, келесі Ай тұтылуы 2025 жылға қарай болуы керек. Мамандар бұл күні адамдарға сақ болуға, әрі кейбір шешімдерді қабылдамауға кеңес береді.

Vesti.ua басылымының мәліметінше, Ай тұтылған күні адамдар өте сезімтал келеді екен. Алайда Айдың тұтылуы Күннің тұтылуына қарағанда адамдарға қатты әсер етпейтін көрінеді. Бұл кезеңде адамдардың бойын қорқыныш, үрей, фобия мен күйзеліс, ашушаңдық, ұрысқақтық байқалуы мүмкін. Кейде тіпті адамдар дұрыс емес шешім қабылдап, оның соңы ұрыс-жанжал мен дау-дамайларға әкелуі мүмкін.

Сол себепті бұл күні келесі кеңестерге жүгінген жөн:

Ай тұтылған күні не істеуге болмайды:

🔹Ұрысуға

🔹Саяхатты бастауға немесе алыс жолдарға шығуға

🔹Әуеден байқалатын қорқыныш сигналдарына көз жұма қарауға кеңес берілмейді.

Ай тұтылған күні нені қолға алған жөн:

🔹Өз қауіпсіздігіңізге мән беру

🔹Негативті эмоцияларға берілмеуге тырысу

🔹Рухани практикаларды қолға алу

🔹Медитация жасап, болашақ жайлы ойлану

🔹Денсаулықты күтіп, демалуға уақытты көп бөлу керек.

Астрологтар сонымен бірге Ай тұтылатын күні қара күш энергиясы күшейетінін айтады. Сол себепті осы күнгі маңызды жоспараларыңызды кейінге қалдырып, бұл күні өзіңіз бен жақындарыңызды барынша сақ болуға шақырған жөн.

Поделиться: