«Ақшаны қайдан алып жатыр!» Кезекті демалысқа аттанған Мәдина Сәдуақасованы оқырмандар сұрақтың астына алды!

«3 күн бойы күннің астында шыжғырылған, теңіздің суына әбден тұздалған бізден сәлеееем!» Дәл осылай инстаграм парақшасында оқырмандарына жылы жақтан сәлем жолдаған Мәдина Сәдуақасова кезекті демалысқа аттанды. Әнші ұлы Әнуармен Дубай қаласында бірнеше күндік сапарға кеткен.

«Ақшаны күреп жатыр ма?» «Осылар ақшаны қайдан алады?» Сәдуақасованың ұлымен түскен фотосуреттіне жазылған пікірлердің көбі осындай. Өнер иесінің шетелге жиі баруына фолловерлер қызығы да қызғана да қарайтындай. Себебі, эстрада жұлдызының қолы қалт босаса, шекара асып демалатыны жасырын емес. Ең бастысы оған да лайық болу қажет.

Поделиться: