Алғашқы қоңырау! Аша Матай, Айдана Меденованың қыздары мектеп табалдырығын аттады!
Источник: @saltanat_bakayeva

Отандық жұлдыздардың таңы бүгін мектеп қабырғасында өтіп жатыр! 1-ші қыркүйек білім күніне орай танымалдардың ұл-қыздары мектеп табалдырығын аттады!

Мәселен, Аша Матайдың тұңғышы Асылым 1-ші сыныпқа қадам басты! Актриса әрі тележүргізуші мұндай қуанышты жаңалықты өзінің инстаграм парақшасында бөлісті! Арман Қоңырбаевтың жары тіпті, алғашқы қоңырауға бір күн қалғанда әлі де керек-жарақтарды алып үлгермеген-ді.

Еске салсақ, Ашаның үлкен қызы бүгінде 5 жаста. Ал, Асылымды мектепке ата-анасынан бөлек, атасы да қолдап келген.

Алғашқы қоңырау! Аша Матай, Айдана Меденованың қыздары мектеп табалдырығын аттады!
Источник: @asha_matai

Сондай-ақ, Айдана Меденованың да қызы оқушы атанды! Әнші тұңғышы Әминаны алғашқы қоңырауымен құттықтады. Оған қоса, өнер иесінің ханшайымы күні кеше 7 жасқа толған еді. Меденова қызының төл мерекесін әдеттегідей дүркіретіп атап өтті.

Алғашқы қоңырау! Аша Матай, Айдана Меденованың қыздары мектеп табалдырығын аттады!
Источник: @aidanamedenova_officialpage

Салтанат Бақаеваның өнердегі әріптестеріне қарағанда мектеп мәселесінде тәжірбиесі мол! Себебі, әншінің екінші ұлы Әділ бүгін бірінші сыныпқа қадам басты. Тіпті, Бақаева тұңғышы Әмренің мұғаліміне сенім артып екінші атұстарыныңа да сабақ беруін сұраған. Инста оқырмандарымен қуанышты жаңалықпен бөліскен Салтанат, фолловерлеріне жылы лебіздерін білдіруге мүмкіндік сыйлап пост қалдырған. Cosmopolitan ұжымы да мектепке қадам басқан жұлдызды оқушылардың қадамы құтты болсын деген ниетте!

1 сентября
Источник: @saltanat_bakayeva
Поделиться: