
Біздің контрибьютор — сексолог Мөлдір Қазиева жыныстық қатынас кезіндегі конфуздар жайлы айтпақ.
Түнгі алыс-берістен соң серіктесіңіз ұйықтап қалса ренжімеңіздер, әйелдер! Еркектердің табиғаты солай. Қатынастан соң сыр шертіп ақтарылғыңыз келгенде еріңіз қорылға басып жатса — ол нормально.
Ғалымдардың зерттеуінше еркектердің 80% секстен кейінгі алғашқы 10 минутында ұйықтап қалады екен. Оның себебі:Физиология
Қатынастан кейін денені жағымды шаршау сезімі басып ұйқыға тартады. Ал егер түнге дейін еркек ауыр жұмыс жасап келсе, ұйықтап қалуы қалыпты жағдай.
- Гормондар
Жыныстық қатынас кезінде окситацин гормонының деңгейі артады, бұл эрекцияны тұрақтандырады дәне психоэмоционалды құрамы болып табылады. Әйелдерде де окситацин бөлінеді бірақ олар махабатты, қамқорлықты және әңгімелескенге тартады.
- Энергетика
Жақындасқан соң еркек серіктесіне тек физиологиялық ғана емес, энергетикалық тұрғыдан да өзінің бөлігін береді. Сондықтан секстен кейін әйел өзін энергияға бай, ал еркек өзін шаршаңқы сезінеді және ұйқыға тартады.
- Психология
Егер еркек ләззат алса және өзін бақытты сезінсе — ұйқы бұл табиғи реакция. Өйткені қатынастан соң тыныштық пен жайлылық сезімі туындайды.
Сондықтан еріңіз жамбасқа салу тәсілінен соң ұйықтап қалса, бәрі дұрыс екенін біле жүріңіз.
⠀
Кейде, физиологиясы еркектің типіне ұқсайтын әйелдер де болады. Сәйкесінше ондай әйелдер де қатынастан соң қалың ұйқыға кетеді. Бұл да нормально.
⠀
Бастысы “ұйықтай салды” демей ненің норма екенін білсеңіздер болды.
Текст: Мөлдір Қазиева