Ғалымдар әйелдердің әлеуметтік желілерде неліктен ашық суреттер жариялайтынын анықтады

Оңтүстік Уэльс университетінің (Австралия) мамандары әйелдердің ашық селфи жасауға деген ұмтылысын елдегі экономикалық теңсіздікпен байланыстырды. Ғалымдар әлеуметтік желілерде 113 ел тұрғындарының он мыңдаған хабарламаларына талдау жасады.

«Біз әйелдердің әлеуметтік билік ерлердің қолында және гендерлік теңсіздік бар жерлерде емес, экономикалық теңсіздік өсіп келе жатқан елдерде интернетте сексуалды суреттерді жариялауға көбірек уақыт пен күш жұмсайтынын анықтадық», — дейді зерттеу маманы Кэндис Блейк.

Ғалымдар табыстың теңсіздігі бәсекелестікті арттыратынын және өздерінің әлеуметтік мәртебесі туралы алаңдаушылық туғызатынын анықтады. Бұл әйелдерді өзін жақсы көріндіруге талпындырады. Сондықтан олар сұлулық салондары мен бутиктерге артық ақша жұмсауға дайын.

«Жас келіншек бикиниде арандатушы фотоларды орналастырғанда, сіз оны жеңіл ойлы адам немесе гендерлік стереотиптердің құрбаны деп ойламауыңыз керек. Оны күрделі әлеуметтік ойынның стратегиялық ойыншысы деп ойлаңыз. Ол әркім сияқты өмірде көп нәрсеге қол жеткізгісі келеді », — деп қорытындылады Кэндис Блейк.

Поделиться:
Читайте также