×
Понравилась эта статья?
Больше интересного
в Facebook – подпишись!
Cosmopolitan Kazakhstan
18+
4 июля 2016

«Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесері

Өткен аптада Мәскеулік халықаралық кинофестивалі аясында Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Анаға апарар жол» (Дорога к матери) фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті.

"Анаға апарар жол" фильмінің тұсаукесері 1

Фильм 1930 жылдан бастап қазірге дейінгі аралықты қамтиды. Сюжеттің желісіне ұлының басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған. Мұнда халықтың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер (ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары) басты кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігі арқылы беріліп отырады. Картинаға жалпы саны екі мыңнан астам адам қатысқан. Негізгі рөлдерді Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, Болат Әбділманов, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асылбек Боранбай сияқты отандық актерлер сомдап шықты.

"Анаға апарар жол" фильмінің тұсаукесері 2

Картинаның бас продюсері еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің кіші қызы Әлия Назарбаева болса, режиссері танымал шеберші Ақан Сатаев. Тарихи драманың түсірілім жұмыстары Қазақстанда, Беларусьте және Әзірбайжанда жүргізілді. Сатаевтің айтуынша, кейіпкерлердің оқиғасы кез-келген жерде болуы мүмкін еді. «Фильмнің оқиғасы Қазақстан көрерменіне етене таныс болуға тиісті. Дегенімен, біздің туынды әлемнің кез-келген жерінде ұғымды болады. Біз тарихи оқиғаларға баға беруден аулақпыз. Тарихи оқиғалар тұсында бірінші кезекте кейіпкерлеріміздің тарихы баяндалады», — деді режиссер.

"Анаға апарар жол" фильмінің тұсаукесері 3

Ресейлік киносыншылар болса туындының жоғары деңгейде түсірілгенін айтып, көрермендердің жүрегінде орын алады деген болжам жасады.
Айта кетейік, Назарбаева кинофестивальге түсірілім тобымен бірге бара алмады. Ол жақында босанып, ұлды болды. Қазіргі таңда үшінші баласымен үйінде босанудан кейін қалпына келіп жатқан шығар.

"Анаға апарар жол" фильмінің тұсаукесері 4

 

 

«Анаға апарар жол» фильмінің трейлері:

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: