18+
24 марта 2016

Аптаның басты кинопремьералары

Осы аптада бізді қызықты әрі түрлі жанрдағы фильмдер күтеді. Қыстың ортасында шығатын кинопремьералар сіздерге келе жатқан көктемнің жылы көңіл-күйін сыйламақшы. Сонымен, бізді еліміздің кинотеатрларында аңызға айналған ағылшын романының америкалық зомби-нұсқасы, Уолтер Уайттың үлкен экрандағы ерекше міндеті, Бен Стиллердің сән әлеміндегі жұлдыздарды құтқару әдістері, «Квартет И» комиктер-труппасының осы заманға сай келетін қалжыңдарға толы туындысы, тәуелсіз британо-ирландтық хоррор және барлығы сүйетін Венсан Кассель қарсы алады. Әрқайсысына толығырақ тоқталып өтейік

Америкалық режиссер Джей Роучтың «Трамбо» өмірбаяндық драмасыныңкөрсетілімі 18-ші ақпанда басталады. Фильм Голливуд тарихындағы ең сәтті сценаришілердің бірі болған Далтон Трамбо есімді коммунист жайында баяндайды. «Римские каникулы» және «Спартак» классикалық картиналарының авторы өзінің саяси көзқарасы үшін Голливудтың «Hollywood 10» деген қара тізіміне еніп, қуғынға ұшырайды. Сол тізімнің кесірінен шын жүректен сүйетін жұмысынан айырылған Трамбо, американдық үкіметпен және киностудияның басшыларымен күресе бастайды. Нәтижесінде сөз бостандығы үшін күреске бүкіл Голливуд еріп кетеді.

1940-шы жылдары дарынды сценариші Трамбо коммунистік партияның мүшесі болған. Ол келісімдерге бармайтын, өмірлік ұстанымынан таймайтын, қыңыр тұлға болғандықтан, антикоммунистік қозғалыс оның аузын жабу мақсатында барлық әдістерді қолданды. Американдықтар үшін бұл қоғамдық өмірде адамның рухани бостандығы шектелген жағымсыз кезең болып табылады.

Айта кетейік, Трамбоның рөлін сомдаған актер Брайан Крэнстон осы жұмысы үшін ақпан айының соңында өтетін «Оскар» марапаттау салтанатында «Ең үздік актер» номинациясында үздік атануға үміткер болып отыр. 59-жасар актер «Во все тяжкие» сериалында Уолтер Уайттың рөлімен баршаға танымал.

Рөлдерді Крэнстоннан басқа Дайан Лэйн, Хелен Миррен, Майкл Стулбарг, Дэвид Мальдонадо және тағы басқалар сомдайды.

Америкалық режиссер Бёрр Стирстің «Гордость и предубеждения и зомби» фильмі экранға шығады. Фильм Элизабет Беннет есімді ару және оның сіңілілері жайында баяндайды. Бойжеткендер Англияны жаулап алған зомбилерге қарсы тұруға мәжбүр. Дарси мырза қыздарды өзін-өзі құтқару әрекеттеріне, жекпе-жек айқасуға үйретіп, өмірлерін сақтап қалуға көмектеседі.

Атауына қарап сіздер түсініп отырғандай бұл фильмнің ағылшын жазушысы Джейн Остиннің 1813-ші жылы жарық көрген классикалық туындысына тікелей қатысы бар. 2009-шы жылы америкалық жазушы Сет Грэм-Смит Остиннің классикалық сюжетіне зомбилерді қосып, mashup стиліндегі пародиялық кітап жазып шығарған болатын. Енді осы кітаптың негізінде фильм түсірілді. Шетелдік киносыншылардың қарама-қайшы пікірлеріне қарамастан картина жаман шықты деп айта алмаймыз. Ең бастысы фильмде классикалық шығармада сияқты бағдар дұрыс берілген.

Фильм зомби-хоррор мен шығыстың жекпе-жегі араласқан жанрды жақсы көретін көрермендердің көңілінен шығады. Рөлдерді Лили Джеймс, Сэм Райли, Белла Хиткот, Элли Бамбер, Милли Брэйди және тағы басқалар сомдайды.

Актер әрі режиссер Бен Стиллердің «Образцовый самец 2» (Zoolander 2) фильмінің көрсетілімі басталады. Сюжет бойынша әлемде танымал жұлдыздарды өлтіру тоқталмай жатыр. Сән полициясының арнайы агенті түрі қалжыраған модель еркек Дерек Зуландерден көмек сұрайды. Ол өзінің досымен бірігіп сән әлемінде болып жатқан қылмыстарды тоқтата ала ма, жок па – онысын киноға барып біле аламыз.

2001-ші жылы шыққан бірінші фильмде Стиллер америкалық модельдік бизнесті керемет күлкіге салған еді. Сол кезде комедия көрермендер арасында көптеген жақсы пікірлерге ие болған. Екінші фильмде бірінші бөлімде көрсетілген оқиғадан кейін 10 жыл өткен кезең көрсетіледі. Осы жолы да режиссер көрермендерді әбден күлдіруді мақсат етіп отыр. Актерлік құрамға кірген тамаша актерлерді ескере отырып, бізге де фильмнің қалай шыққаны өте қызық болып отыр.

Рөлдерді Бен Стиллерден басқа Оуэн Уилсон, Пенелопа Крус, Кристен Уиг, Уилл Феррелл, Бенедикт Камбербэтч және тағы басқалар сомдайды.

Люк Бессонның бұрыңғы жары француз режиссері әрі актрисасы Майвенн Ле Бесконың «Мой король» фильмі үлкен экрандарға шығады. Фильм 40-жастағы Париж қаласының тұрғындарының 10 жылға созылған махаббат майданындағы қарым-қатынастары жайында баяндайды. Тони есімді ару түнгі клубтардың бірінде көңілді кеш өткізіп жатқанда Джорджио деген серімен танысады. Алғашында ешқандай мәні болмаған қызығушылық шынайы құмарлыққа айналады. Ғашықтар бір бірін бір уақытта өлерше сүйсе, басқа уақытта жек көреді. Бұл махаббат оқиғасы көптеген өмірлік жағдайларға толы.Екі кейіпкердің қарым-қатынастары Тонидің еске түсіру сәттері мен осы шақта болып жатқан оқиғалармен алмасып көрсетіледі. Ғашықтардың қиындықтарды жеңуге көмектесетін достары қазіргі Францияның портретін суреттейді. Айта кетейік, «Мой король» картинасы Канныда өткен 68-ші кинофестивалінде сегіз минуттық қол шапалақтауға ие болды. Ал актриса Эмманюэль Берко болса фильмдегі рөлі үшін «Ең үздік актриса» жүлдесін алды. Джорджионың рөлін тамаша сомдаған Венсан Кассельге киносыншылар мен журналисттер жақсы пікірлерімен ілтипатын көрсетті.

Рөлдерді Эмманюэль Берко мен Венсан Кассельден басқа Луи Гаррель, Изильд Ле Беско, Патрик Рейналь және тағы басқалар сомдайды.

Аптаның басты кинопремьералары 1

Ресейлік режиссер Александр Баршактың «День выборов 2» комедиясы ТМД-елдерінің кинотеатрларына шығады. Сюжет бойынша екі мерзім губернатор болған бұрыңғы массаж жасаушы Игорь Цаплин қайта сайлауға дайындалады. Оның командасы осы сайлауда да қайтадан жеңіске жететініне сенеді. Бірақ бір күні Волга өзенінен өтетін жаңа көпір журналисттер мен мәскеулік шенеуніктердің көзінше құлайды. Сол кезден бастап губернатор халықтың алдында сайқымазаққа айналады. Бұл оқиға басқа депутатқа сайлауда жеңуге мүмкіндік береді.

Көптеген көрермендердің қошеметіне ие болған фильмінің екінші бөлімінде бұрыңғы кейіпкерлер қайта оралып, олардың қатарына бірнеше жаңа саяси тұлғалар қосылады. Күлкілі әрі ақылға сыймайтын сәттер екінші фильмде біріншісіне қарағанда көбірек кездеседі. Осы жолы «Квартет И» комиктер-труппасы саясатқа көп көңіл бөлуді жөн көрді. Бұл дұрыс шешім болды ма, фильмге өз зиянын тигізді ме, онысын сіздер, көрермендер, шешесіздер.

Рөлдерді Леонид Барац, Ростислав Хаит, Александр Демидов, Камиль Ларин, Василий Уткин және тағы басқалар сомдайды.

Аргентиналық режиссер Пабло Трапероның «Клан» криминалдық драмасықазақстандық кинотеатрларда көрсетілмесе де, ТМД-елдерінде фильмнің көрсетілімі 18-ші ақпаннан басталады. Фильм шынайы өмірде болған Буэнос-Айрестің бай қала айналасында тұратын Пуччио жанұясы жайында баяндайды. Фолкленд соғысынан кейін жұмыссыз қалған жанұя басшысы адамдарды ұрлаумен айналыса бастайды. Оның Аргентинаның регби ұлттық құрамасында ойнайтын үлкен ұлы әкесіне көмектесіп, ұрлауға тура келетін адамдарды таңдап береді.

1980-ші жылдары Пуччио жанұясы адамдарды ұрлап, олар үшін мыңдаған доллардан тұратын құн талап еткен. Олар ұрланған адамдардың үшеуін өлтіріп тастаған болатын. Пуччио жанұясының құрбандарының туысқандары фильмге сценарий жазу барысында өз көмектерін тигізді. Фильмде сәтті, үлгілі және бақытты тұрған жанұя қалайша кісі өлтірушілерге айналғаны көрсетіледі. «Клан» Венецияда 72-ші халықаралық кинофестивалінде көрсетілді. Режиссер Пабло Траперо осы жұмысы үшін «Серебряный лев» жүлдесін жеңіп алған еді. Сонымен қатар, картина Аргентина мемлекетінен «Шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясына «Оскар» комитетіне ұсынылған болатын. Егерде мүмкіндік болса, осы киноны міндетті түрде көруге кеңес береміз.

Рөлдерді Гильермо Франселья, Питер Ланзани, Лили Попович, Гастон Какьярале, Жизелль Мотта және тағы басқалар сомдайды.

Режиссер Корин Хардидің «Из тьмы» (The Hallow) алғашқы толықметражды корқынышты фильмі біздің елде бейсенбіде үлкен экранға шығады. Сюжет бойынша жас жанұя Ирландияның алыс түпкірінде қорқынышты аңыздарға толы орманның шетінде орналасқан жаңа үйге көшіп келеді. Мекенді басқарушыларда орманды толығымен кесіп тастау жоспары бар. Жаңадан көшіп келген жанұяның үйлеріне болса әр түн сайын біреулер жасырынып кіріп жүреді. Жанұя басшысы ол орманды кесіп тастаумен келіспеген тұрғындар деп ойлайды. Шын мәнісінде сол біреулер тұрғындар емес, олар жас отбасының кішкентай сәбиін алып кетіп, өз міндетін орындамақшы.

Корин Хардидің алғашқы жұмысы көруге лайықты болып шықты. Ол жерде барлық қорқынышты фильмдерде кездесетін талаптар пен штамптар ерекше түсіріліп, көрерменді жалықтырмайды. «Из тьмы» 2015-ші жылдың ең өзгеше әрі мықты хоррор жанрында түсірілген фильмдердің бірі болып саналады. Картина сізді таңқалдырып, көңіліңізді соңына дейін жібермейді. Айта кетейік, түрлі құбыжықтар мен басқа қорқынышты нәрселер әбден шаршатып жіберген компьютерлік спецэффектілер емес, олар тек грим және костюмдердің көмегімен жасалды.

Рөлдерді Джозеф Моул, Бояна Новакович, Майкл МакЭлхаттон, Гари Лайдон, Майкл Смайли және тағы басқалар сомдайды.

 

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: