
Америкалық режиссер Зак Снайдердің «Бэтмен против Супермена: На заре справедливости« көптен бері асыға күткен фильмі экранға шығады. Бэтменнің көмекшісі Джокердің қолынан қаза тапқанда, Брюс Уэйн Бэтменнің жұмысын тастап бизнеске оралады. Бірақ Готэм Ситиде адам өлтіру сияқты болып жатқан қайғылы оқиғалар оны мазалай бастайды. Брюс қайтадан Бэтменнің киімін киіп, қауіптің барлығы Суперменнен келіп жатыр деп санап, оған қарсы тұруға дайындалады. Супермен болса адамзаттың қорғаушысы болайын ба әлде мықты күшін басқа нәрсеге жұмсайын ба деп ерсілі-қарсылы жүреді. Екі мықты қаһарман арасындағы қарсыластық олардың әділеттілік үшін күресте қолданатын түрлі әдістерінің салдарынан туындады. Супермен жер шарының үкіметінен тәуелсіз жұмыс істейді, ал Бэтмен болса тек адамгершілікке сүйенеді. Бэтмен мен Супермен бір-біріне соғыс жариялауға дайын болып тұрған кезде, адамзатты жоятын жаңа қауіп-қатер пайда болады.
Рөлдерді Генри Кавилл, Бен Аффлек, Галь Гадот, Джейсон Момоа, Эми Адамс, Джесси Айзенберг және тағы басқалар сомдайды.
Нидерландылық режиссер Антон Корбейннің «Лайф» (Жизнь) фильмініңкөрсетілімі басталады. Фильм 1950-ші жылдардың көрнекті актерлерінің бірі Джеймс Диннің өмірі жайында баяндайды. Magnum Photos агенттігінде қызмет ететін фотосурешті Деннис Сток танымалдылығы енді көтеріліп жатқан Голливуд жұлдызы Джеймс Диннің қатысуымен фотоссесия жасау деген тапсырма алады. Фотосессия Дин басты рөлде түскен «К востоку от рая» фильмінің премьерасының алдында дайын болуы қажет. Лос-Анджелестен Нью-Йорк пен Индианаға дейін сапары кезінде екі жігіт тіл табысып, жақсы дос болып кетеді.
Корбейннің жаңа фильмі өткен жылы Берлинале халықаралық кинофестивалінде көрсетілді. Бірақ бұл фильмнің ТМД-елдеріндегі көрсетілімі белгісіз себептермен кейінге шегерілген болатын. Мінеки бір жылдан кейін картина көрермендердің назарына үлкен экранда ұсынылады. Джеймс Дин кино тарихында көрнекті тұлға. Ол көптеген актерлердің шығармашылығына әсерін тигізген. Корбейн Динді ешкім ойламаған жағынан ашады. «Лайфта» актер барып тұрған кержалқау, оған ештеңе керек емес, өз бетінше жүрген жігіт кейпінде шығады. Бұл режиссерлік көзқарас қызықтыратыны сөзсіз. Айта кетейік, Дин 24 жасында жол апатына түсіп, емханаға барар жолда көз жұмған. Ол өлімнен кейін «Оскар» жүлдесіне екі рет үміткер болған алқашқы актер болып табылады.
Рөлдерді Дэйн ДеХаан, Роберт Пэттинсон, Питер Лукас, Лорен Галлахер, Кендал Нагорка және тағы басқалар сомдайды.
Франциялық актер әрі режиссер Луи Гаррельдің «Друзья» алғашқы толықметражды фильмі экранға шығады. Сюжет бойынша, кинода қосалқы әртіс болып жұмыс істейтін Клеман есімді жігіт Солтүстік вокзалында дәмханада қызмет ететін Мона сатушы аруға ғашық болады. Клеман Монаның көңілін тауып, түрлі қиялдарға беріліп кеткен кезде, ару кенеттен жігітпен араласпай кетеді. Клеман бұл әрекетті түсінбей, қобалжиды. Ол әйелқұмар досынан кеңес сұрауға асығады. Әр әйелдің артынан жүгіретін Абель Клеманға Монаның артынан қалмай, барлығын түсіндіруді талап етуге көндіреді. Монаның болса айтуға тұрмайтын сырлары бар екен.
Фильм Альфред де Мюссенің «Капризы Марианны» атты пьесасының негізінде түсірілген. Ол жерде достардың беретін кеңестері кейде қандай жағдайларға әкеліп соғатыны көрсетіледі. Жақын достар болып келетін еркектердің арасына әйел түскен жағдайда олардың мінездері қалай өзгеретіні таңқалдырады. Бұған қалтыраудың қажеті жоқ. Себебі өмірде де сондай жағдайлар жиі кездеседі емес пе. Нәтижесінде екі дос бір-біріне жаман ықпал тигізетінін түсінеді. Бірақ ол бір-бірінен бас тартып, араласуды тоқтатқысы келмейді. Сіздер түсініп отырғандай, Гаррель өзінің алғашқы киносында қарым-қатынастарды терең зерттейді. Дегенменде оның кейіпкерлері сіздерге ұнамайды. Себебі бұл жерде қазіргі заманның еркектері мен жігіттерінің ақылға қонымсыз тәртібі мен әрекеттері керемет суреттелген. Әрине бұл психологиялық портретпен көбісі келіспейуі мүмкін.
Рөлдерді Голшифте Фарахани, Винсент Макен, Луи Гаррель, Мао Адам, Пьер Мэйллет және тағы басқалар сомдайды.
Каирда туылған канадалық режиссер Атом Эгоянның «Помнить» драмасыҚазақстанның үлкен экрандарына шығады. Фильм Холокост қырғынын басынан кешкен 90-жастағы Зев есімді қария жайында баяндайды. Ол соғыс кезінде оның отбасының өліміне кінәлі нацист қарауылшы Америкада бөтен адамның атын алып аман-есен жүріп өмір сүріп жатқанын біледі. Зев киім-кешектерін жинап, кек алуға, әділдікті орнату мақсатында Америкаға аттанады.
Эгоян өз фильмдерінде адамның ішкі жан дүниесінің жағымсыз қасиеттерін зерттейді. Осы жолы режиссер осы жағымсыз қасиеттерді үрейлі жылдар болған тарих арқылы көрсетпек. Холокост қырғынында болған оқиғаларды еске түсіретін болсақ, фильмді көруге ауыр болатын шығар. Дегенменде бұл кезеңді ұмытуға болмайды. Айта кетейік, «Помнить» картинасы 2015-ші жылы өткен Венециядағы халықаралық кинофестивалінде көрсетілген болатын. Сол кезде фильм «Vittorio Veneto Film Festival Award» жүлдесін иеленді.
Рөлдерді Кристофер Пламмер, Дин Норрис, Мартин Ландау, Генри Черни, Юрген Прохнов және тағы басқалар сомдайды.