×
Понравилась эта статья?
Больше интересного
в Facebook – подпишись!
Cosmopolitan Kazakhstan
18+

Аптаның басты үш фильмі Отряд самоубийц

Жаздың соңғы айы киноны сүйетін адамдар үшін керемет басталды. Жылдың ең асыға күткен фильмінің премьерасына да жеттік. Сондай-ақ, осы аптада отандық кинотеатрлардың экрандарына Канныдағы халықаралық кинофестивальдің басты бағдарламасында көрсетілген фильм де шықты. Сәнді көйлектер мен қияли оқиғаларды жақсы көретін көрермендеріміз үшін де сыйлығымыз бар.

Сонымен, аптаның басты үш фильмін назарларыңызға ұсынамыз. Әдеттегідей біздің кино-шолуға көз жүгіртейік.

Америкалық режиссер Дэвид Эйердің «Отряд самоубийц« фильмі экрандарға шықты. Бұл фантастикалық лента жылдың ең асыға күткен туындысы десек еш қателеспейміз. Сюжетті көбісі жақсы білсе де, естеріңізге сала кетсек артық болмас. Үкімет халық қауіпсіздігін уайымдап арнайы абақтыда отырған ең қауіпті қаскүнемдерден тұратын команда жинайды. Олар ауыр әрі қауіпті тапсырма орындауға аттанады. Айтуынша, әлемді сол қауіптен тек солар ғана құтқара алады. Биліктің жоспары бойынша, егерде бұл жоспар жүзеге аспаса, онда күнәнің барлығы тұтқындалған қаскүнемдердің мойнына ілініп, үкімет өзін ақтап шыға алады. Демек, бұл тапсырманың барлық жақтары ескерілген.

Аптаның басты үш фильмі 1

Жақында біз баспасөз қызметкерлеріне арналған көрсетілімге барып қайттық. Шынымызды айтатын болсақ, фильм көңілімізден шықпады. Трейлерде көрсетілген оқиға шын мәнісінде мүлдем басқа болып шықты. Сюжеті қызықсыз, бір-бірімен үйлеспейтін сахналар көп. Нәтижесінде әлемде барлығын жеккөретін жауыздар, барлығына қас болған кейіпкерлер іштерінде ақ көңіл болып шықты. Оларды көбісі неге жағымсыз деп санайтынын түсінбей отыр ма әлде не болып жатқанын түсінбедік. Бұл комикстер жанкүйерлері үшін ғана түсірілген лента сияқты. Дегеменде, Джокер мен Харли Куиннің қатысуымен барлық сахналар керемет шықты. Болашақта осы өзгеше жұп жайында бөлек фильм түсірілетініне үміттенеміз.

Рөлдерді Марго Робби, Уилл Смит, Джаред Лето, Юэль Киннаман, Кара Делевинь, Виола Дэвис және тағы басқалар сомдайды.

Испаниялық режиссер Педро Альмодовардың «Джульетта» картинасыныңкөрсетілімі басталады. Сюжет бойынша Джульетта есімді 55- жасар әйел туған қызына ұзын хат жазады. Сол жазбада ол оған  30 жыл бойы жасырып жүрген құпиясын ашады. Белгілі болғандай, қызы 18 жасқа толғанда анасын тастап, кетіп қалған екен. Соның барлығын ескере отырып, мұңайған ана өмірде қай жерде қате жібергеніне ой жүгіртіп, психологиялық сараптау жасайды.

Аптаның басты үш фильмі 2

Осы фильм мамыр айында өткен Канныдағы халықаралық кинофестивальдің басты бағдарламасына қатысқан. Жаңа жұмысында Альмодовар өзінің сүйікті тақырыбы әйелдерді дәріптеуге қайта оралады. Ал испандық шеберші әйел психологиясын кеңінен зерттеп, жақсы білетіні  көбіне мәлім. Сюжет сізге таныс әрі қызықсыз болып көрінсе де, режиссердің ерекше түсіру және баяндау мәнерін ескеретін болсақ, кино көруге тұрарлық екенін түсінеміз. Әдеттегідей керемет актерлік ойын, қызықты кейіпкерлер, құштарлыққа толы сахналар мен пайдалы тұжырымдар жетерлік. Айта кететін бір жәйт, фильм канадалық жазушы Элис Манроның «Беглянка» атты үш әңгімеден тұратын кітаптың негізінде түсірілген.

Рөлдерді Адриана Угарте, Росси де Пальма, Эмма Суарес, Мишель Хеннер, Инма Куэста және тағы басқалар сомдайды.

Австралиялық режиссер Джослин Мурхаустың «Месть от кутюр» (Dressmaker)фильмі ТМД елдерінің кинотеатрларының экрандарына шықты. Кезінде бала өліміне қатысты іс бойынша айыпталып, туған қаласынан кетуге мәжбүр болған сәнқой әйел 25 жылдан кейін қалаға қайта оралады. Алғашында тұрғындар оны қабылдамай, жау ретінде көреді. Бірақ уақыт өте келе қуылған басты кейіпкер Тилли тапқырлығымен, ақылымен, өткір тілімен және сәнді көйлектерді тігу шеберлігімен адамдардың сеніміне ие болады. Осы сәттен бастап шиеленіске толы оқиғалар басталады.

Аптаның басты үш фильмі 3

Фильм басында костюмді мелодрама сияқты басталып, ортасында әзілге толы комедияға айналып, соңында нағыз трагедиямен аяқталады. «Месть от кутюр» бізді қоршаған ортаға көніп, өмірімізді жалғастыра беруге үйретпейді. Ең бастысы бізді өз-өзімізді кешіріп, ішкі жан-дүниемізді кеңейтіп, дамытуға үйретеді. Басты кейіпкер шалғай жерге біреуден өшін алу үшін келген жоқ, ол өткенді түсіну, қателерін талдау үшін келді. Жалпы фильмде өзінің өмірлік қателерінің тұтқындары болған кейіпкерлер жетерлік. Бізді көрсетілген оқиға селқос қалдырмады, сіздерге де ұнайды деген сенімдеміз. Сондай-ақ, Кейт Уинслеттің шеберлігіне шексіз қарай бергің келеді.

Аптаның басты үш фильмі 4

Өкінішке орай, неге екені белгісіз, біздің отандық кинотеатрлардың кестесінде біз бұл фильмді таба алмадық. Дегенменде, мүмкіндігінше сіздер бұл фильмді интернет жүйесінен міндетті түрде тауып, көруге асығыңыздар. Бұл біздің сізге деген кеңесіміз. Рөлдерді Уинслеттен басқа Лиам Хемсворт, Хьюго Уивинг, Сара Снук, Джуди Дэвис және тағы басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: