18+
23 июня 2016

Аптаның басты үш фильмі! Премьера!

Осы аптада отандық кинотеатрларының экрандарына шыққан қай фильмдерге назар аударуға тура келеді? Әдеттегідей біздің кино шолуды ұсынамыз. Мұқият болыңыздар.

Америкалық режиссер Роланд Эммерихтің «День Независимости. Возрождение» шытырман оқиғалы фильмі экрандарға шығады. Бұл 1996 жылы жарыққа шыққан «День независимости» фильмінің жалғасы болып табылады. Екінші бөлімде оқиға 20 жыл өткен соң дамиды. 1996 жылы болған шабуылдан кейін жер шарында инопланетяниндердің технологияларын меңгерген жаңа ұрпақ өсті. Олар жер шарына жаңа шабуылдарға қарсы тұра алатын ғаламдық байқау жүйесін жасап шығарды. Жүйенің бір бөлігі, әскери база, Айда орналасқан. Дегенменде барлығын қирататын инопланетяниндердің ауқымды шабуылынан ештеңе құтқара алмайды.

Аптаның басты үш фильмі 1

Естеріңізде болса, бірінші фильм экрандарға шыға салысымен бүкіл әлем бойынша күшті әсер қалдырып, көптеген көрермендердің көзайымына алналған. Жаңа бөлім режиссер Эммерих үшін бірінші киносиквел болды. «Мен үшін лентада көрсетілетін әлем өте бағалы. Көрермендерге жаңа кейіпкерлерді және жаңа оқиғаларды көркемділік жағынан әдемі түсіріп, жеткізгім келді. 1996 жылдан бері көп уақыт ғой. Сондықтан мен барлығын бірінші рет жасап жатқан сияқтымын», — деді режиссер.

«День Независимости. Возрождение» фильмінде осыдан жиырма жыл бұрын болмаған технологиялық мүмкіндіктер мен визуалды эффектілер қолданылып, жоғарғы деңгейге жеткізілген. Ендеше киноға барып, жаңа технологиялардың сапасын бағалауға асығайық.

Рөлдерді Лиам Хемсворт, Джои Кинг, Джефф Голдблюм, Майка Монро, Билл Пуллман, Шарлотта Генсбур, Джесси Ашер және тағы басқалар сомдайды.

Ағылшын режиссері Николас Столлердің «Соседи. На тропе войны 2» комедиясының көрсетілімі басталады. Осы жолы жұбайлар Мак пен Келлидің көршілері Әйелдер клубы болады. Жаңадан көшіп келген бойжеткендер жалпыамерикандық ережелер бойынша тек қана жігіттер түрлі кештерді ұйымдастыра алатынын біліп, таңқалады. Қыздар болса сол кештерге келіп, көңіл көтере алады екен. Ал олардың қызығушылықтарын ешкім ескермейді. Әйелдер клубындағы бір аруды бұл жағдай ызаландырады. Көп ойланбай ол басқа қыздармен бірігіп ешқандай ережелерге бағынбайтын өзінің тобын құрып, шулы кеш ұйымдастырмақшы болады. Мак пен Келлиге оның барлығы ұнамайды. Себебі олардың өз жоспарлары бар. Сол сәттен бастап көршілер арасында қарсыластық туындайды.

Аптаның басты үш фильмі 2

Сіздер түсініп отырғандай, жаңа комедия осыдан екі жыл бұрын шыққан үлкендерге арналған сәтті фильмнің жалғасы. Жалпы екінші бөлімді түсіру қажет емес болды, алайда өте сәтті 271 миллион доллар құраған кассалық жинаулар киностудияны жалғасын түсіруге шабыттандырды. Осы жолы сценаришілер феминистік бағытқа көп көңіл бөліп, кейбір қағидаларды орынсыз пайдаланып, кейіпкерлерді нашарлатып жіберді. Нәтижесінде «Соседи. На тропе войны 2» ақылды әзілсіз, негізгі идеясыз және қызықты кейіпкерсіз болып шықты. Бұл комедия тек кейбір актерлердің жанкүйерлеріне ғана ұнауы мүмкін.

Рөлдерді Сет Роген, Зак Эфрон, Роуз Бирн, Хлоя Грейс Морец, Айк Бэринхолтц және тағы басқалар сомдайды.

Ресейлік режиссер Мария Кравченконың «Завтрак у папы» комедиясы экрандарға шығады. Сюжет бойынша Аля есімді он жастағы қыз оның әкесі сүңгуірші болып жұмыс істегенде, ержүрек танытып мерт болмағанын біледі. Әкесі тірі, Мәскеуде ірі жарнамалық фирмалардың бірінде креативті директор болып жұмыс істеп жүр екен. Анасы іссапарға кетіп қалғанын пайдаланып, Аля Мәскеуге қашып кетіп, әкесінің үйіне келеді. Әкесі болса оның қызы бар екенін ешқашан естімеген. Американдық бай кәсіпкермен жұмыс жүргізіп жатқан еркек әрине тағдырдың сондай тосын жайттарына дайын емес.

Аптаның басты үш фильмі 3

Жалпы кезекті ресейлік комедияның идеясы өте дұрыс — әр адамның жанұясы болуы тиіс. Өзін жалғыз керемет сезініп жүрген тәуелсіз еркектің көз-қарастары кішкентай қызбен бірнеше күн өткізгеннен кейін толығымен өзгереді. Фильм немен аяқталатыны бірінші сахналарынан анық болса да, көрсетіліп жатқан жағдайлар қызықсыз деп айта алмаймыз. Сценарий жақсы құралған, әдеттегі романтикалық комедияларға еліктемейді. Егерде сізге көрсетілген әзілдер күлкілі емес болса, кішкентай сүйкімді Аляның қылықтары мен айтылған сөздерінен сіз міндетті түрде елжіреп, сүйсіне қарайсыз. Бұл жерде жас актриса Луиза-Габриэла Бровина өз рөлін керемет ойнап шықты.

Рөлдерді Юрий Колокольников, Катерина Шпица, Луиза-Габриэла Бровина, Полина Максимова, Валентин Пелка және тағы басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: