18+
23 июня 2016

Аптаның басты үш фильмі

Осы аптада отандық кинотеатрларының экрандарына шыққан қай фильмдерді міндетті түрде көру қажет? Әдеттегідей біздің шолуды ұсынамыз.

«Pixar» киностудиясының «В поисках Дори« атауына ие болған жаңа мультфильмі экрандарға шықты. Сюжет бойынша, бір күні Дори кішкентай кезінде Колифорниядағы жағадайда мекендегенін есіне түсіреді. Ол достары Марлин мен Немодан сол жерге бірге барып, туыстарын іздестіруге көмектесуін сұрайды. Үш дос Морро-Бэй қаласының жағажайына келіп, Дори теңіздегі тірі ағзаларды зерттейтін институтта туылып өскенін біледі. Енді Дориге оның туыстары қай аквариумда мекендейтінін ғана есіне түсіру керек. Естеріңізде болса, Дори есін жоғалтып, басқа теңізге адасып келген болатын.

Аптаның басты үш фильмі 1

Кішкентай балық Доридің хикаялары жайында баяндайтын мультфильм 2004-ші жылы жарыққа шыққан «В поисках Немо» мультфильмінің жалғасы болып табылады. Доридің оқиғасы Немодан сәл нашарлау шықса да, көрермендердің назарын толығымен өзіне аударып, эмоцияларға берілуіне шамасы жетеді. Мультфильмді көру барысында сіздер жылап та үлгересіздер, шынайы күліп те үлгересіздер. «В поисках Дори» жанұямен бірге көруге тұрарлық туынды.

Рөлдерді Эллен ДеДженерес, Альберт Брукс, Эд О`Нил, Кэйтлин Олсон, Тай Бурелл және тағы басқа киножұлдыздар дыбыстайды.

 

Көптеген киномандардың асыға күткен малайзиялық режиссер Джеймс Ванның«Заклятие 2« қорқынышты фильмінің көрсетілімі басталды. Екінші фильмде табиғаттағы елестерді зерттейтін жұбайлар Энфильд қаласына келеді. Сол жерде көріпкелдер мықты сайтанды кездестіреді. Бұл әзәзілдің жамандықтарымен күресу мүмкін емес. Сайтанға сенбейтін тұрғындар бір бірін күдіктене бастайды. Жасалған жауыздықтардың барлығы орталарынан шығып отыр деп ойлайды.

Аптаның басты үш фильмі 2

Осыдан үш жыл бұрын, 2013-те, жарыққа шыққан бірінші фильм көрермендердің арасында жақсы пікірлерге ие болған. Екінші бөлімде режиссер корқынышты фильмдерге тән амалдарды қолданып, жаңа түсінікпен ұсынады. Ең бастысы сюжеттің детективті жағы аса қызықтырады. Көркемділік жағынан да барлығы өте сапалы түсірілген. Кез-келген адамды қорқыта алатынына күмәніміз жоқ. Біздің ұсынысымыз – «Заклятие 2» көруге тұрарлық хоррор.

Рөлдерді Патрик Уилсон, Вера Фармига, Мэдисон Вульф, Фрэнсис О`Коннор, Лорен Эспозито және тағы басқалар сомдайды.

Америкалық режиссер Шейн Блэктің «Славные парни» криминалдық комедиясыэкрандарға шықты. Фильмнің оқиғасы 1970-ші жылдары Лос-Анджелес қаласында дамиды. Жалдамалы күзетші және жеке детектив жоғалып кеткен бикеш жайында тергеу ісін жүргізеді. Нәтижесінде бұл іс ғасырдың ең шулы қылмысына айналады.

Осы фильм Канныда өткен халықаралық кинофестивальде көрсетілгеннен бастап көпшіліктің назарын өзіне аударды. Блэк жеңіл, шексіз қалжың, күдікті іс пен атыстарға толы сахналары жетерлік керемет кино түсірді. Ал басты кейіпкерлер қандай тартымды десеңізші? Әйгілі Шерлок Холмс пен Доктор Джон Ватсоннан еш жерлері кем емес. Ал 70-ші жылдар дәуірі әр адамның көркін алады.

Аптаның басты үш фильмі 3

Рөлдерді Райан Гослинг, Рассел Кроу, Ким Бейсингер, Мэтт Бомер,  Энгаури Райс және тағы басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: