×
Понравилась эта статья?
Больше интересного
в Facebook – подпишись!
Cosmopolitan Kazakhstan
18+
3 марта 2016

Аптаның кинопремьералары! Самое актуальное!

Асыл әжелерді, ардақты аналарды және сұлу қыздарымызды өткен Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, осы аптаның кинопремьераларымен таныстыруды бастайық. Наурыз айының екінші аптасында өкінішке орай аз фильмдер шығады. Дегеменде олар да назар аударуға тұрарлық жұмыстар. Сонымен, отандық кинотеатрларда бізді жасөспірімдерге арналған антиутопияның үшінші бөлімі, ең танымал комик Саша Барон Коэннің қатысуымен жаңа комедия, ресейлік жаңа ғылыми-фантастика және қанттың зияндылығы мен денсаулыққа пайдалы өнімдер аса пайдалы емес жайында деректі фильм күтеді. Әрқайсысына толығырақ тоқталып өтейік.

Неміс режиссері Роберт Швенткенің «Дивергент, глава 3: За стеной» фильмі экранға шығады. Сюжет бойынша басты кейіпкерлер Трис және Фор өздерінің жақын адамдарын тастап, Генетиканы қорғау бюросының жасырып жүрген қорқынышты шындығын білуге аттанады. Нәтижесінде сол бюроның ғалымдары бүлінген тұқымды пайдаланып жасанды әдіспен нағыз таза тұқымды шығаруды үйренбекші болыпты. Трис бұл жағдаймен келіспей, қатты ызаланады. Ол ғалымдардың зерттеулерін тоқтатуға ұмытылып, жолында үлкен кедергілерге тап болады. Ол кімге сене алатынын, ал кім оның дұшпаны болып шығатынын анықтауға кіріседі.

Кітап бойынша түсірілген антиутопияның үшінші фильмі екі бөлімге бөлінетін болды. Біріншісі осы жылы шығып жатқан «Дивергент, глава 3: За стеной» болса, екіншісі – «Дивергент, глава 4: Аллигент» соңғы бөлімі 2017-ші жылы экранға шықпақшы. Үшінші фильм бізді немен қызықтыра алатынын әлі түсінбедік. Егерде екінші бөлімде сюжет кітапті оқымаған көрермендерді әбден шатастырып жіберсе, киноның визуалды көрінісі назарды аударып, көзді қуантқан болатын. Үшінші фильмде сюжеті де күдік туғызады, спецэффектілер де таңқалдырып жатқан жоқ. Біздің байқауымызша, «Иллюзия полета» керемет фильмін түсірген режиссер Швентке осы жобадан шаршаған сияқты. Дегенменде екі фильмі көріп ұнатқан көрермендерге үшінші бөлімі де қызықты болады.

Рөлдерді Эллисон Роу, Шейлин Вудли, Зои Кравиц, Наоми Уоттс, Тео Джеймс және тағы басқалар сомдайды.

Франция режиссері Луи Летерьенің «Братья из Гримсби» фильмінің көрсетілімі басталады. Сюжет бойынша британияның жасырын агенті Себастьян халықаралық шенеуніктерге жасалайын деп жатқан шабуылды тоқтатпақшы болады. Бірақ тапсырманы орындау барысында ол кішкентай кезінен көрмеген Нобби есімді үлкен ағасын кездестіреді. Жұмыссыз жүрген, ішімдікті және футболды жақсы көретін Нобидің байқаусыздан туысының тапсырмасына кедергі жасағанның салдарынан Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының төрағасы қайтыс болады. Билік өкілдері Себастьянды сатқын деп санап, оған іздеу салады. Өзіне беделді қайтарып алу үшін ол санасыз ағасының көмегін алуға мәжбүр болып, Африкаға футболдан әлем чемпионатына аттанады.

Танымал комик Саша Барон Коэн бар жерде, көп күлкі болатыны сөзсіз. Барлығымыз «Боратты» ұмытпаған шығармыз. «Перевозчик» және «Невероятный Халк» фильмдерінің режиссерінің жаңа туындысындағы әзілдердің көбісі қазіргі заманның тәртіпсіз, білімсіз, санасы жоқ, ештеңкеге талпынбайтын жасөспірімдерді күлкіге салады. Сондай-ақ, «Гримсбиден келген ағайындар» түрлі атыстарға толы және екі ағайынды еркектің арасындағы қарым-қатынастарды көрсетеді. Бұл фильм Джим Керридің қатысуымен «Эйс Вентура» комедиясын ұнататын көрермендерге ұнауы мүмкін. Айта кетейік, Гримсби қаласының тұрғындары актер Коэн фильмде оларды қалай көрсеткенін ұнатпады. Олар келіспеушіліктерін білдірді.

Рөлдерді Саша Барон Коэннен басқа Марк Стронг, Ребел Уилсон, Пенелопа Крус, Айла Фишер және тағы басқалар сомдайды.

Ресейлік режиссер Рустам Ильясовтың «Вакантна жизнь шеф-повара» алғашқы толықметражды ғылыми-фантастикалық киносы экранға шығады. Фильм бақытты өмір сүріп жатқан Андрей есімді жігіт жайында баяндайды. Бір күні Андрейдің әйелі жол жүріп кеткенде, ол жалғыз қалған уақытын бос өткізбеу үшін жақын досымен жақсылап қыдырады. Көңілді кештердің бірінде Андрей адасып бір фотосалонға кіріп кетеді. Сол жердегі қызметкер оған үш күн бас аспазшының өмірін уақытша сүруге ұсыныс жасайды. Бұл ұсыныста барлығы толық ойластырылған, уайымдайтын ештеңе жоқ. Андрей ұсынысқа қызығып, бөтен адамның өмірін сүруге келісімін береді. Сөйтіп жүргенде жігітке жары телефон шалып, ертерек үйге қайтатынын хабарлайды. Кейіпкер бас аспазшысының өмірін тастамақшы болғанда, өкінішке орай айнадан басқа адамның түр-келбетін көреді.

Бұрыңғы заманда адамдарды өмірлері, тұрмысы қанағаттандырмаса, олар басқа жерге көшіп, жаңа өмір бастайтын. Қазіргі заманда адамдар басқа жерге көшіп қана қоймай, басқа адам, басқа тұлға болғысы келеді. Өзінің күшіне сенбей, белгілі бір тұлғаның өмірін сүруді армандайды. Бұл оңай әрі ұтымды әдіс. Жалпы ресейлік кинематографта ғылыми-фантастикалық жанрда түсірілетін фильмдер сирек кездеседі. Сондықтан «Вакантна жизнь шеф-повара» сюжеті және қойылымы жағынан үлкен қызығушылық тудырады. Ресейлік киносыншылардың пікірлеріне сенетін болсақ, Ильясовтың алғашқы киносы өте әсерлі және техникалық жағынан жоғарғы деңгейде түсірілген. Егерде сіз «Игра» және «Вне/себя» фильмдерін ұнатсаңыз, онда осы ресейлік туынды сізге әбден ұнауы мүмкін.

Рөлдерді Петр Федоров, Виктор Вержбицкий, Вильма Кутавичюте, Алексей Колубков, Софья Райзман және тағы басқалар сомдайды.

Австралиялық актер әрі режиссер Дамон Гамоның алғашқы режиссерлік жұмысы «Сахар» (Қант) атты деректі фильмінің ТМД-елдерінде көрсетілімі басталады. «Криминальная Австралия» сериалындағы рөлімен үлкен танымалдылыққа ие болған Дамон Гамо 60 күн бойы қатаң диета ұстаған. Ол сұлы жармасының ботқасы, табиғи жеміс-жидектерден сығылып алынған шырын, спорттық коктейльдер сияқты дұрыс әрі денсаулыққа пайдалы өнімдермен тамақтанған болатын. Осы тағамдық эксперименттің нәтижесі «That Sugar Film» деген деректі туындыға айналды.

Сіздер білетіндей, қазіргі таңда дұрыс тамақтану қоғамда сәнге айналып бара жатыр. Көбісі жағдайларда адамдар бұл тақырыптың егжей-тегжейін білмей, зерттемей, сәнге үлесіп әйтеуір дұрыс тамақтануды бастау мақсатында өзі сияқты білмейтін түрлі адамдардан естігенін жасайды. Бұл әрине дұрыс емес. Ондай білімсіз «дұрыс тамақтанудың» да өзіндік зияны бар. Семіздіктің басты себебі ол қант және тұзы бар өнімдерді көп мөлшерде тамақтануда екені баршаға мәлім. Сондықтан көбісі адамдар «денсаулыққа пайдалы» деген жазуы бар экологиялық таза өнімдерді іздеп, сатып алуға асығады. Шын мәнісінде бұл өнімдердің (майсыз йогурт, сығылып алынған шырын, протеин батончиктері және тағы басқа пайдалы өнімер) құрамында қант бар. Адамдар оған пайдалы тағам болғандықтан мән бермей, тексермейді.

«Қант» фильмінде артық салмақпен күреспеген, қарапайым адамның денесі қатаң диета барысында қандай өзгерістерге ұшырайтыны көрсетіледі. Сондай-ақ, Дамон тамақ өнеркәсібі индустриясының қалай құрылатыны жайында ешкімге белгісіз деректерін және супермаркеттерде сатылатын құрамында қанты бар қандай өнімдерден сақ болу керек екенін айтып береді. Бұл фильм сіздің денсаулыққа пайдалы өнімдер жайында пікіріңізді толығымен өзгертеді. Айта кетейік, Гамоның деректі фильмі әлемнің беделді тұлғаларының жақсы пікірлеріне ие болған. ТМД-елдерінде бұд фильм көрсетілсе де, біздің кинотеатрларда ол көрсетілмеуі мүмкін. Олай болса сендер бұл киноны интернет жүйесінен тауып, міндетті түрде көріңіз.

Рөлдерді Дамон Гамо, Хью Джекман, Ричард Дейвис, Стивен Фрай, Кристина Эванс және тағы басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: