18+
14 апреля 2016

Аптаның кинопремьералары! Пошли скорее!

Жаздың екінші күнінде қазақстандық кинотеатларда ісін жаңадан бастап жүргенрежиссер Дэйв Гриннің «Черепашки ниндзя-2» комикстер негізінде түсірілген фильмі экрандарға шығады. Рафаэль, Микеланджело, Леонардо және Донателло Нью-Йорк қаласында болып жатқан қылмыспен күресуді жалғастырады. Бірінші фильмде жеңілген Шреддер екінші бөлімде қайта оралады. Қаланы басқа планетадан келген құбыжықтар басып алады. Ниндзя тасбақалары құрбылары Эйприл О`Нилмен қосылып мекендейтін жерін құтқаруға асығады. Осы жолы оларға маска киген кек алушы Кейси Джонс көмекке келеді.

Аптаның кинопремьералары 1

Америкалық киносыншылардың сөздеріне сенетін болсақ, Грин бірінші фильмнің барлық кемшіліктерін ескеріп, екінші бөлімде көбісін түзеген көрінеді. Черепашки-ниндзялардың түр-келбеті де өзгертілген, көрермендердің сүйікті кейіпкерлері де қосылған, төбелестер де жақсартылған. Десек те жаңа фильмде кемшіліктер жетеді. Бірақ, 80-ші жылдары шыққан мультфильмді барлық жүрегімен жақсы көретін оқушылар бәрібір қуанып қалар.

Рөлдерді Меган Фокс, Стивен Амелл, Алан Ричсон, Лора Линни, Уилл Арнетт, Ноэль Фишер және тағы басқалар сомдайды.

«Оскар» жүлдесінің иегері, актриса Джоди Фостердің режиссерлік жұмысы «Финансовый монстр» фильмінің көрсетілімі басталады. Ли Гейтс есімді танымал тележүргізуші өзінің бағдарламасында қаржылық сұрақтарға байланысты кеңестермен бөліседі. Бір күні көрермендің бірі Лидің сәтсіз кеңесін пайдаланып, өзінің барлық қаржысынан айырылады. Өшін алу мақсатында ол тележүргізушіні тұтқынға алады.

Аптаның кинопремьералары 2

Жақында өткен Канныдағы халықаралық кинофестивальде көрсетілген картина қызықты экономикалық қулықтары бар тергеуге толы болып шықты. Актерлік құрам да көзді қуантады. Бұл фильмге барсаңыз, толығымен рахаттанып қайтатыныңызға күмәніміз жоқ.

Рөлдерді Джордж Клуни, Джулия Робертс, Джек О`Коннелл, Доминик Уэст, Катрина Балф және тағы басқалар сомдайды.

Режиссер Тео Пирридің «Проклятие Спящей красавицы» фильмі экрандарға шығады. Басты кейіпкер Томас Кайзер атадан қалған жерге ие болады. Ол жерде көне қарғыс бар екен. Томас сол қарғыстан өзін қорғау мақсатында жауыздықпен күресе бастайды. Жердің құпиясын ашуға оған риелтор мен дін қызметшісі көмектеседі. Сол сәттерде жігіт Брайер Роуз керемет аруды түсінде көреді.

Аптаның кинопремьералары 3

Гримм ағайындылардың ертегісі бұл жерде сәл өзгертілген. Үйреншікті кейіпкерлер мен сюжеттік шиеленістер жаңа фильмде кездеспейді. Режиссер Спящая красавицаны өзіндік қырынан түсіріп, жаңа кейіпкерлерге толы шытырман оқиғалы хоррор ретінде ұсынады. Бұл бұрыңғы барлығы білетін ертегілерді қазіргі заманға лайық етіп көрсетудің кезекті амалы.

Рөлдерді Итан Пек, Индиа Айсли, Натали Холл, Брюс Дэвисон, Джеймс Лим, Скотт Алан Смит және тағы басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: