×
Понравилась эта статья?
Больше интересного
в Facebook – подпишись!
Cosmopolitan Kazakhstan
18+
14 апреля 2016

Аптаның кинопремьералары! Актуальные новости!

Осы аптада отандық кинотеатрлар бізге қандай қызық кино дайындап қойған екен? Прокатқа шығатын үш фильмге толығырақ тоқталып өтейік.

Маусымның асыға күткен фильмі «Иллюзия обмана 2» экрандарға шығады.  Әлемнің ең үздік төрт сиқыршысы командасын сәл өзгертіп, жаңа Лула есімді аруды өз қатарларына алады. Бір күні білетін таңқаларлық амалдарын көрсету барысында олардың ізіне полиция қызметкерлері түседі. Сиқыршылар қашып, кенеттен АҚШ-тан Макаоға кетіп қалады. Ол жерде команданы бай кәсіпкер күтіп алады. Ол сиқыршыларға егерде оның өтінішін орындап берсе, биліктің жазасынан қорғап қалатынына уәде береді.

Екінші фильмнің сюжеті 2013-ші жылы шыққан біріншісіне қарағанда шиеленіске толы болып шықты. Дегенменде барлығы немен аяқталатынын бірден болжауға болады. Шынымызды айтатын болсақ, бізге «Иллюзия обмана 2» ұнамады. Егер сіз киноға уақыт өткізіп, демалып, ештеңені ойламай, поп-корн жеп қайтуға ғана барсаңыз, онда бұл фильмде кемшіліктерді байқамайтын да шығарсыз. Жақында үшінші фильм түсірілетіні жайында ақпарат пайда болды.

Рөлдерді Лиззи Каплан, Дэниэл Рэдклифф, Дэйв Франко, Марк Руффало, Джесси Айзенберг, Морган Фриман, Вуди Харрельсон, Майкл Кейн және тағы басқалар сомдайды.

Аптаның кинопремьералары 1

Италияндық режиссер Лука Гуаданьиноның «Большой всплеск» драмасыныңкөрсетілімі басталады. Басты кейіпкерлер рок-әнші Марианна Лэйн және оның сүйікті жігіті Италияның оңтүстігінде орналасқан аралда демалыстарын өткізуде. Олардың рахат тіршілігін Марианнаның бұрыңғы көңілдесі Гарри және оның бойжеткен қызы бұзады. Олардың қызғанышқа, құштарлыққа және отпен ойындарға толы қарым-қатынастары қызып, қауіпті шегіне жетеді.

Белгілі классикалық картиналарды қайтадан түсіру арт-хаус жанрына да жеткен көрінеді. Гуаданьиноның фильмі француз режиссері Жак Деренің 1969-шы жылы жарық көрген «Бассейн» драмасының негізінде түсірілген. Бұл фильмді керемет актерлер мен әсем табиғат үшін көруге болады. Сондай-ақ, кейіпкерлердің өмірлік ұстанымы сізді селқос қалдырмайды. Айта кетейік, фильм 2015-ші жылы Венециядағы кинофестивальде көрсетіліп, екі жүлдеге ие болды (Soundtrack stars жүлдесі және «Ең үздік инновациялық бюджет» жүлдесі).

Рөлдерді Рэйф Файнс, Тильда Суинтон, Маттиас Шонартс, , Дакота Джонсон және тағы басқалар сомдайды.

Аптаның кинопремьералары 2

Ресейлік режиссер Ренат Давлетьяровтың «Чистое искусство» фильмі экрандарға шығады. Басты кейіпкер фотосуретші болып жұмыс істейтін Саша есімді ару бір күні құпиялы өлтірудің куәгері болады. Оның бақытты өмірі кенеттен бұзылады. Ол өнер және үлкен қаржы байланысқан алаяқтық криминалдық іске тартылып кетеді. Барлық құпияларды шешу мақсатында Саша өзінің тергеу ісін бастайды.

Бұл фильмде ең қызықтыратыны – шешуі ойға келмейтін көптеген шиеленіскен қимылдар. Кейбір сахналарды көріп басыңыз қататыны сөзсіз. Соңына таман сізді кейбір сәттер өкіндірсе де, басты арудың сүйкімділігі жүректеріңізді жібітіп жібереді. Қысқаша айтқанда, ресейліктер қызықты әрі әдемі фильм түсіріпті.

Рөлдерді Анна Чиповская, Петр Федоров, Константин Юшкевич, Илья Любимов, Дмитрий Брауэр және тағы басқалар сомдайды.

Аптаның кинопремьералары 3

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: