18+
31 марта 2016

Аптаның кинопремьералары: Экстрасенсы и Ореховое дерево

 Наурыз айының соңы бізге назар аударуға тұрарлық фильмдерді сыйлайды. Өткен аптада жылдың ең басты премьерасының бірі «Бэтмен против Супермена» фильмі сіздің көңілдеріңізден шықпаса, осы аптада отандық кинотеатрларда көрсетілетін фильмдер ұнауы керек. Сонымен, осы жолы бізді көріпкел болып кеткен Энтони Хопкинс пен Колин Фаррелл, кезекті сапалы қазақтың әдет-ғұрпын көрсететін халық комедиясы, ғылыми-фантастикалық жанрдағы жылдың күтпеген киносыйлығы, Майамиге аттанған Айс Кьюб пен Кевин Харт және «Дигнидад» колониясына түсіп қалған сүйіктісін құтқаратын Эмма Уотсон күтеді. Әрқайсысына толығырақ тоқталып өтейік.

Бразилиялық режиссер Афонсо Пойарттың екінші толықметражды жұмысы «Экстрасенсы» триллері экрандарға шығады. Фильм Федералдық тергеу бюросына (FBI, ФБР) үнемі көмектесіп жүрген Джон Клэнси есімді экстрасенс (көріпкел) жайында баяндайды. Бюроның екі агенті күннен күнге көбейіп жатқан қастандықпен адам өлтіру ісімен айналысады. Тергеу ісі шешілмей жатқандықтан, олар Клэнсиден көмек сұрауға мәжбүр. Көріпкел өміріндегі ең қауіпті әрі қиын істердің бірін ашуға ұмтылады. Бірақ оның бұрын болған оқиғаларды көру қабілеті жаңа қылмыскердің алдында әлсіз болып қалады. Ол болашақты көре алатын қатігез кісі өлтіруші екен. Күнәсіз адамдарды өлтіруді тоқтату үшін Клэнси барлығын алдын-ала білетін қылмыскерді алдап, ұстап алу амалдарын ойластыруға кіріседі.

Аптаның кинопремьералары 1

Жалпы фильмнің сюжеті өте қызықтырады. Ал экстрасенстердің рөлдерін Энтони Хопкинс пен Колин Фаррелл ойнайтынын біліп, барлығымыз, әрине, киноға асығамыз. Бұл жерде ешқандай атыстар мен бірін-бірі қуалау сахналары болмайды. Режиссер кейіпкерлердің психологиясына көп көңіл бөліп, философиялық мәнді ашуға тырысқан. Дегенменде, триллерде детективтік бағыт бар. «Экстрасенсы» жылдың ең асыға күткен премьерасы болмағандықтан, көктемнің бір жылы кешінде оны асықпай көруге болатын кинолардың бірі. Айта кететін бір жәйт, алғашында басты рөлді Брюс Уиллис ойнайды деп жоспарланған.

Рөлдерді Хопкинс пен Фарреллден басқа Джеффри Дин Морган, Эбби Корниш, Ксандер Беркли және тағы басқалар сомдайды.

Жақында Киносыншылар таңдауы марапаттау салтанатында «Ең үздік сценарий» номинациясында жеңімпаз атанған режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Ореховое дерево» (Жаңғақ тал) фильмінің көрсетілімі басталады. Сюжет бойынша ғашықтар Ғабит пен Айсұлу отбасы құруды жоспарлауда. Қазақтың бұрыңғы салты бойынша жігіт достарының көмегімен сүйіктісін алып қашып кетпекші болады. Айсұлу бұл жоспарды алдын-ала біліп, келісімін береді. Бірақ арудың ата-аналары қызының ниеті жайында ештеңе білмейді екен. Осы сәттен бастап Айсұлу, Ғабит және оның достарының қызықты оқиғалары басталады.

Аптаның кинопремьералары 2

Фильм Оңтүстік Қазақстан облысындағы Леңгір қаласы мен оның төңірегінде түсірілді. Бұл аймақ бекер таңдалған жоқ. Леңгір аймағы — Қазақстанда жаңғақ ағаштарының отаны болып табылады. Және де сол өңірдің табиғаты да түсірілім тобына өте ұнап қалған екен. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың  айтуынша, ол бала кезінде бір адамның жаңғақ ағашын таяқпен ұрып жатқанының куәсі болыпты. Сол кісі солай грек жаңғағын түсіріп жатқан екен. «Бұл көрініс санамда қалды. Кейін ол осы фильмнің негізгі арқауына айналды», — деді Нұрмұхамбетов.

Айта кетейік, «Жаңғақ тал» картинасы халықаралық кинофестивальдерде бірнеше жүлделерді иеленіп үлгерді. Олардың арасында Францияның Везуль қаласында өткен 22-ші Азия киносының халықаралық кинофестивалінің екі жүлдесі — Халықаралық әділқазылардың арнайы жүлдесі («Күрделі экономикалық және саяси ахуалға қарамастан күлдіре білгендігі үшін») және Киносыншылардың арнайы жүлдесі («Ауыл өмірінің шынайы және батыл бейнесі үшін»), Оңтүстік Кореяда өткен 20-шы Пусан халықаралық кинофестивалінде «Жаңа бағыт» секциясының бас жүлдесі, сондай-ақ, 31-ші Варшавалық халықаралық кинофестивальде «Еркін рух» жаңашыл кино байқауына қатысуы бар.

Басты рөлдерді Рүстем Жаныаманов, Балнұр Асыл, Нұржан Жұманов, Асылбек Мұсабеков және тағы басқалар сомдайды.

Америкалық режиссер Дэн Трактенбергтің алғашқы толықметражды жұмысы «Кловерфильд, 10» фильмі экрандарға шығады. Сюжет бойынша Мишель есімді ару жол апатына түсіп, қабырғаға кісенмен бұғауланған, терезелері жоқ бөлмеде оянады. Бойжеткенді бейтаныс еркек бөлмеге жауып, қамап қойыпты. Еркектің айтуынша, ол Мишельді өлімнен сақтап қалды. Себебі көшеде барлық адамдарды өлтірген үлкен химиялық қасірет болып жатыр екен

Аптаның кинопремьералары 3.

Фильм наурыз айының басында америкалық кинотеатрларда көрсетіліп, киносыншылардың көптеген өте жақсы бағаларына ие болып үлгерді. Экранның барлық уақытын үш кейіпкер ғана алады. Сол кейіпкерлер арқылы бізге бөлменің сыртында не болып жатқаны, адамның мінезінің жасырын қырлары және сюжет қанша рет өзгеріп, бізді қалай шатастырып тастайтыны көрсетіледі. Трактенберг өзіндік стилистикасы бар, әсерлі, ақылды, барлығы ескерілген, бізге өмірде таныс кейіпкерлерге толы керемет кино түсірді. «Кловерфильд, 10» ғылыми-фантастикалық жанрды толықтыра алатын осы жылдың ешкім ойламаған бірінші киносыйлығы. Бұл фильмді сіздер таңқалып, арасында қорқып көретіндеріңізге күмәніміз жоқ. Киноның жақсы жақтарын айта берсек, уақытымыз жетпес. Сондықтан, жүз рет естігенше (оқығанша), бір рет көріп қайтқан дұрыс.

Басты рөлдерді Джон Гудман, Мэри Элизабет Уинстэд, Джон Галлахер младший, Брэдли Купер, Дуглас М. Гриффин және тағы басқалар сомдайды.

Голливудтың режиссері Тим Сторидің «Миссия в Майами» комедиясыныңкөрсетілімі басталады. Сюжет бойынша полицияда қызмет ететін Джеймс үлкен әпкесінің болашақ күйеуі Бенмен бірге бір тергеу іс жөнінде Майамиге аттанады. Бен болса полицияда қызметін енді бастап келе жатыр. Сондықтан ол бар күшімен өзінің жақсы кәсіби қасиеттерін көрсетуге тырысады. Джеймс болса оның күйеу баласынан жақсы маман иесі шығатынына сенбейді. Бір-бірін онша ұнатпайтын екі жігіттің қызықты оқиғалары осы істің шешуінен бастау алады.

Аптаның кинопремьералары 4

«Миссия в Майами» 2013-ші жылы экрандарға шыққан «Совместная поездка» фильмінің жалғасы болып табылады. Комедияның стилі және әзілдері 90-шы жылдары қара нәсілді актерлердің қатысуымен танымал болған фильмдерге өте ұқсас. 30-жастан асқан көрермендер кино барысында балалық шағын еске түсіретіні сөзсіз. Сіздер білетіндей, екінші бөлім әрқашанда бірінші бөлімге жетпейді. Осы комедияны да бұл ереже айналып өтпеді. Бірақ, егерде сіз Айс Кьюб пен Кевин Харттың жанкүйері болсаңыз, онда фильм сізге ұнауы мүмкін.

Басты рөлдерді Айс Кьюб пен Кевин Харттан басқа Тика Самптер, Бенджамин Брэтт, Оливия Манн және тағы басқалар сомдайды.

Неміс режиссері Флориан Галленбергердің «Колония Дигнидад» драмасыэкрандарға шығады. Фильм Чили мемлекетінде жасырын полициясымен ұрланған Даниэль есімді неміс журналисті жайында баяндайды. Оны қатыгез қинаулардан кейін «Дигнидад» колониясына жібереді. Ал бұл жерге түскен адамдар ешқашан үйіне оралмайды. Даниэль құл болып, адамның ойына сыймайтын зерттеулердің құрылғысына айналады. Жігіттің сүйікті қызы стюардесса болып жұмыс істейді. Ол журналистті құтқару үшін сол колонияға алдамшы әрекет арқылы келеді.

Аптаның кинопремьералары 5

«Дигнидад» колониясы шынайы өмірде болған мекеме. Оны 1961-ші жылы Гермаияда қылмыстық іздестіруде болған нацист Пауль Шефер ашып, сол жерде әйелдер мен балаларды зорлаған. Сондай-ақ, өзіне ұнамаған адамдарды түрлі әдістермен қинаған. Фильм Торонтода халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, киносыншылардың орташа бағаларына ие болды. Дегенменде, көптеген қатысушылар актерлер Эмма Уотсон және Даниэль Брюльдің керемет ойынын жоғары бағалады.

Басты рөлдерді Уотсон мен Брюльден басқа Микаэл Нюквист, Риченда Кэри, Вики Крипс және тағы басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: