×
Понравилась эта статья?
Больше интересного
в Facebook – подпишись!
Cosmopolitan Kazakhstan
18+
14 апреля 2016

Аптаның кинопремьералары

Ақпан айы бізге назар аударуға тұрарлық фильмдерді сыйлайды. Осы аптада бізді отандық кинотеатрларда барлығы жақсы көретін Маугли жайында жаңа фильмі, Ұлыбританияның жолы болмаған спортшысының өмірбаяны, 30-жастағы бойдақ аруларды не мазалайтыны, Канныдағы халықаралық кинофестивалінде жоғары бағаланған драмасы және Ресей мен АҚШ бірігіп бейнеойындар жанрында түсірген фильмі күтеді. Әрқайсысына толығырақ тоқталып өтейік.

Америкалық режиссер Джон Фавроның «Книга джунглей» фантастикалық фильміэкрандарға шығады. Бұл барлығымызға кішкентай кезімізден танымал бала – Мауглидің оқиғасы. Қабылан (пантера) Багира джунглиде адамның баласын тауып алады. Ол оған Маугли деген есім беріп, қасқырларға тәрбиелеуге әкеліп тастайды. Жылдар өткен сайын бұл бала жайында жолбарыс Шерхан біледі. Ол көпшіліктің алдында Мауглиді кімде-кім қорғаса да бәрібір өлтіріп тастайтынын жариялайды. Қасқырлар кеңес шақырып, баланы қорғау керек па әлде қажеті жоқ па екенін талқыға салады. Маугли болса тайпаластарының арасында соғысты болдырмау мақсатында адамдар тұратын лагерьге оралатынын шешеді.1967-ші жылы жарыққа шыққан мультфильм барлығының есінде шығар. Маугли біздің бала шағымыздың сүйікті кейіпкерлерінің бірі болған. «Железный человек» фильмінің режиссері көркем фильмде сол драматизмді сақтап қалуға тырысты. Басты рөлде алғашқы рет түскен кішкентай актерден басқа, фильмде компьютер арқылы керемет салынған табиғат пен спецэффектілер жетерлік. Кейбір сахналар сұрақтар туғызса да, «Книга джунглей» нашар шықты деп айта алмаймыз. Жазушы Редьярд Киплингтің сюжетіне еңгізілген өзгерістер оқиғаның мағынасына ешқандай түсініспеушіліктер туғызбайды.

Бір айта кететін жәйт, Фавроның фильмінде жылан Кааның жынысы алғаш рет өзгеріп, әйелдің дауысымен сөйлейді.

Басты рөлдерді Скарлетт Йоханссон, Идрис Эльба, Билл Мюррей, Кристофер Уокен, Бен Кингсли, Джанкарло Эспозито, Лупита Нионго және тағы басқалар дыбыстайды.

Ағылшын актері әрі режиссері Декстер Флетчердің «Эдди «Орел» өмірбаяндық комедиясының көрсетілімі басталады. Басты кейіпкер Эдди Эдвардс бала кезінен Олимпиадаға спортшы ретінде қатысуды армандайды. Ол көптеген спорт түрлерінде өз күшін көріп, көптеген сүйектерін сындырып, жылдамдыққа шаңғымен таудан түсуде өзінің сүйікті спорт түрін табады. Эдди бой жеткенде оның нәтижелері ұлттық құрама командасына кіріп Олимпиадаға баруға тура келеді. Бірақ олимпиадалық шенеуніктер көзілдірік киген, түрі ақымаққа ұқсайтын бала британдық спорттың жоғарғы стандарттарына сәйкес келмейтінін айтып, Эддиді құрамаға алмай қояды. Арманынан таймайтын жігіт қайғыға берілмей, шағын мерзімде жаңа спорт түрін меңгереді деп уәде береді.

Ұлыбританияда жолы болмаған батырлық танытып мақсатына жеткен кейіпкерлерді жақсы көреді. Себебі үнемі жолы болмай жүрген адамдардың жеңісі әрқашанда таза әрі жазықсыз болады. Эдди Эдвардс шын мәнісінде 1988-ші жылы Калгари қаласында өткен Олимпиадалық ойындарға қатысып, өз спорт түрінде ең әлсіз спортшы болған. Ол жігіт бетінен қайтпайтын нағыз жігерлі адам. Тек нағыз спорт қаһарманы ғана кішігірім мерзімде жаңа спорт түрін меңгере алады. Эддидің түр-келбеті күлкілі болғандықтан, оны барлығы мазақ еткен. Дегенменде, фильм комедия жанрында түсірілсе де, өзінің басты кейіпкерін мазақтамайды. Керісінше — мақтан тұтады. Эдди қыздарға емес, Олимпиадаға ғашық болған жігіт. Фильмде барлық спорттық драмаларда кездесетін еліктеу кездессе де, көрерменді жалықтырмайды, жақсы қабылданады.

Басты рөлдерді Хью Джекман, Тэрон Эджертон, Кит Аллен, Марк Бентон, Кристофер Уокен және тағы басқалар сомдайды. Айтпақшы, айта кетейік, Джекман мен Эджертон тамаша комедиялық дуэтті құрды.

Аптаның кинопремьералары 1

Қазақстандық режиссер Асқар Бисембиннің «Замуж в 30″ комедиясы отандық кинотеатрларының экрандарына шығады. Сюжет бойынша Әнел есімді ару өзінің құрбыларының үйлену тойларында үнемі қыз жолдас болады. Ал ол өзі болса сүйіктісін кездестіре алмай, күйеуге шықпаған. Туысқандар мен достарының «Қашан күйеуге шығасын?» деген сұрағына жауап табуға күннен күнге қиындап барады. Әнел жалғыздықты аса қатты сезініп, ешкімге керек емеспін деп ойлай бастайды. Көп ойланып бойжеткен өзіне қол жұмсамақшы болады. Сол сәтте ол арманындағы жігіті Дастанды кездестіреді.

Қазақстанда тұратын күйеуге шықпаған 30-жастағы арулар қоғамда қандай қиындықтармен кездесетінін сіздерге айтпай-ақ қояйық. Өздеріңіз де бұл стереотипті ойлауларды жақсы білесіздер. Бисембиннің өткен жылы экрандарға шыққан «Свадьба на троих» тамаша романтикалық комедиясын көрген шығарсыздар? Осы фильм де сондай күлкілі әрі сапалы түсірілген деген үміттеміз. Ендеше барлығымыз жаңа отандық комедияны тамашалауға киноға асығайық.

Басты рөлдерді Әсел Садвақасова, Санжар Мадиев, Берік Айтжанов, Дастен Шакиров және тағы басқалар сомдайды.

Даниялық режиссер Йоаким Триердің «Громче, чем бомбы» драмасының ТМД-елдерінде көрсетілімі басталады. Сюжет бойынша әскери фотосуретші Изабель жол апатына түсіп, көз жұмғанына үш жыл толды. Соған байланысты оның жұбайы бұрыңғы әріптесімен бірігіп естелік мақала жазып шығармақшы. Алайда бұл мақалада жол апаты жазатайым оқиға емес, өз өзіне қол жұмсау болғаны ашылады. Мақала газетке басылып шықпай тұрғанда, әйелінен айырылған еркек анасының өлімін әрең көтеріп, қатты қайғырған ұлына пайда болған жаңа деректерді айтып береді. Жас жігіт болса анасы өзіне қол жұмсады дегенге сенбей, дау көтереді. Жанұя бірігіп, қайғыны бірге бастан кешіріп, бір-бірін қолдауға тырысады.

Фильмдегі көрсетілген оқиға барлығына түсінікті әрі жақын. Ана дүниеден өткенде үлкен күйзеліспен қоса жанұяның берекесі ұшады. Екі есейген ұлымен жалғыз қалған әке не істерін білмей, көптеген қиындықтарға тап болады. Ол балаларымен тіл табыса алмай, алыстай бастайды. «Громче, чем бомбы» жақсы драмалар сияқты бұл қиындықтармен қалай күресуге болатынын, жақын адамның өлімінен кейін қалай тез қалпына келу кеңестерін бермейді, ақыл үйретпейді. Фильм әр адамға күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға сырттан көрермен ретінде қарап, өз нәтижесін шығаруға мүмкіндік береді. Біз жақындармен ұрысып-керісіп, мінезіміздің әдеттегідей ең жаман жақтарын ғана көрсетеміз. Уақытымызға жеңілтек қараймыз. Оданша жақындармен көп тілдесіп, жанын мазалап жатқан сауалдарымен бөлісіп, уақытымызды жанұямызбен өткізейік.

Басты рөлдерді Гэбриел Бирн, Изабель Юппер, Джесси Айзенберг, Эми Райан, Дэвид Стрэтэйрн және тағы басқалар сомдайды.

Аптаның кинопремьералары 2

Ресейлік режиссер Илья Найшуллердің алғашқы толықметражды жұмысы — «Хардкор» фильмінің көрсетілімі басталады. Сюжет бойынша түрлі адамдардың өлі денелерінен құралған өзінің бұрыңы өмірі туралы ештеңе білмейтін Генри есімді киборг зертханада оянады. Ғылыми қызметкер Эстель Генриге ол оның жұбайы екенін айтады. Әйелі оны бай қылмыскердің ақшасына тірілткен екен. Ол қылмыскер сол киборгтар арқылы мүмкіндіктері жоғары әскер құруды жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты білген Генри зертханадан қашып кетеді. Кейін ол әйелін құтқару және қылмыскердің көмекшілерін өлтіру жайында шешім қабылдайды.

Найшуллердің фильмі Biting Elbows рок-тобының интернет жүйесінде бүкіл әлемге танымал болған екі бейнебаянының арқасында пайда болды. Режиссер әрі музыкант оларды экшн-сахналарға және трюктерге толы етіп түсірген. Осы танымалдылықтан кейін Тимур Бекмамбетов Илья Найшуллерге сондай жанрда толықметражды фильм түсіруге ұсыныс жасаған болатын. Кино бейнеойындардың стилінде жасалған. Киносыншылар «Хардкорды» жақсы қабылдап, жағымды бағаларын беруде.

Басты рөлдерді Шарлто Копли, Данила Козловский, Хейли Беннетт, Андрей Дементьев, Сергей Шнуров және тағы басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: