18+
30 июня 2016

Аптаның кинопремьералары «Выживший» экранға шығады

Біз сіздерді Рождество мерекесімен құттықтай отырып, киноға жаңа фильмдерді тамашалауға шақырамыз. Енді барлығына ретімен тоқталып өтейік.

Жылдың ең басты асыға күткен премьерасы мексикандық режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің «Вышивший» фильмі 7-ші қаңтарда экранға шығады. Фильм жазушы Майкл Панкенің «Возвращенец» кітабының негізінде түсірілген. Шығармада шынайы өмірде болған қоныс аударған Хью Гласс есімді аңшының жартылай шындық өмірлік оқиғасы суреттеледі.

Сюжет бойынша, Американың батысында орналасқан жабайы жазық жерлерінде аңшы Хью Гласс қоңыр аюмен айқасу барысында жарақат алады. Гласстың жасақтағы жолдасы, сатқын Джон Фицжеральд оны орманда әлсіз күйінде жалғыз тастап кетеді. Гласс ерік күшін танытып, өмірін сақтап қалуға барынша тырысады. Оның ренжісі, ызасы соншалық, ол тастап кеткен Фицжеральдтен кек алмақшы болады.

 

Аптаның кинопремьералары 1

 

Иньярриту қайтадан барлығын таңқалдырды. Бұл фильмінің көркемділігін, сұлулығын тоқтамай, шаршамай айта беруге болады. Оператор Эммануэль Любецкидің дарындылығы шексіз болғаны соншалық, әр кадрға тамсанып, аузын ашып қарайсың. Бұл картинаға сіз қазір сәнге айналған 3D және IMAXсыз-ақ басыңызбен батып кетесіз. Басты рөлдерді сомдаған Леонардо ДиКаприо мен Том Хардидің дарындылығы туралы айтпай-ақ қояйық. Себебі бұл жігіттер шеберліктерін фильмнен фильмге көрсетіп, дәлелдеп келе жатыр. Оданша, ДиКаприо ең басты киножүлде «Оскарды» осы жылы алады деп тілейік. Ал оператор Любецки болса осы жылы өзінің үшінші қатарынан «Оскарын» алатынына еш күмән жоқ.

Айта кетейік, түсірілім жұмыстары қатқан аязда, өте қиын жағдайларда өтті. Түсілім тобының барлық мүшелері үшін бұл фильм үлкен сын болды.

 

Аптаның кинопремьералары 2

 

«Выживший» 10-шы қаңтарда өтетін «Золотой глобус» марапаттау салтанатында 4 номинацияда бақ сынасады – «Ең үздік фильм (драма)», «Ең үздік режиссер», «Ең үздік актер (Леонардо ДиКаприо)» және «Ең үздік саундтрек». Одан кейін «Оскар» жүлдесіне де қандай номинацияда ұсынылатыны белгілі болады. Біз бұл фильмге шын жүректен сәттілік тілейміз. Ол барлық жүлделерге тұрарлық туынды.

«Выживший» — дегі рөлдерді ДиКаприо мен Хардидан басқа Донал Глисон, Уилл Поултер, Пол Андерсон және тағы басқалар сомдайды.
Шон Андерстің «Здравствуй, папа, Новый год» жаңа комедиясы экранға шығады. Фильм екі кішкентай баланың табиғи және өгей әкелерінің арасындағы қарсыластығы жайында баяндайды. Табиғи әке өзінің бұрыңғы әйеліне оралмақшы болады. Бірақ ол екінші рет күйеуге шығып үлгерді. Енді табиғы әке балаларының көңілін, сенімділігін қайтадан өзіне қаратуға тырысады. Өгей әке болса балаларға бауыр басып, өз тәрбиесін беріп жүр екен. Комедия осы екі түрлі еркектің мінездерінде және бала тәрбиелеу стильдеріннің негізінде жасалады.

 

Аптаның кинопремьералары 3

 

«Мы — Миллеры» фильмінің сценарий авторы Андерс барлық жастаға көрермендердің көңілінен шығатын жеңіл әрі күлкілі комедия түсірді. Кейіпкерлердің мінезі қызықты болып шықты – өгей әке кейпі қарапайым, сезімшіл, адамдарды өзіне қаратып алатын болса, табиғи әке адамды өлтіруге дейін баратын, қатал, мықты, шынайы көшбасшы қасиеттері бар сері жігіт. Бұл отбасымен бірге көруге тұрарлық фильм. Көңілдеріңізді көтеріп қайтатыңызға күмәніміз жоқ.

 

Аптаның кинопремьералары 4

 

Басты рөлдерді – Уилл Феррелл, Марк Уолберг, Линда Карделлини, Томас Хейден Чёрч және тағы да басқалар сомдайды.

Ресейлік режиссер Таир Мамедовтың «Голоса большой страны» фильм-мюзиклының премьерасы да бейсенбіде өтеді. Сюжет бойынша елдің дарынды жастары ең танымал музыкалық телевизиялық шоуға қатысуға келеді. Шоу аяқталғаннан кейін әр қатысушы көптеген сындарға толы өмірлерін бастайды. Кейіпкерлер кездесулер, махаббат, ажырау, достық және сатқындықтан өтіп, музыка үшін үлкен жанұя, командаға айналады.

 

Аптаның кинопремьералары 5

 

«Голос» — ТМД елдеріндегі ең танымал телевизиялық жобалардың бірі екені баршаға аян. Жоба жанкүйерлері үщін керемет жаңалық — осы жобаның қатысушылары осы мюзиклға түсті. Дарынды жастарды кинода көріп, естуге болатынына көпшілік қуанып қалатын шығар. Сондай ақ, бұл фильм музыканы барлық жүрегімен сүйетін жандарға да ұнауы әбден мүмкін. Экранда жиналған әртістердің барлығы көңіліңізден шығады деп ойлаймыз.

 

Аптаның кинопремьералары 6

 

Басқаларға айтарымыз, егер де сіз «Гадкий Кайот», «Бурлеск», «Перекресток» және тағы да басқа сол сияқты фильмдерін ұнатсаңыз, онда «Голоса большой страны» да сізге ұнап қалар. Бірақ, бұл жұмысқа көп талап қоюдың қажеті жоқ. Себебі ондай мюзиклдар ресейлік киноөңдірісте жиі түсіріле бермейді.

Басты рөлдерде – Алена Тойминцева, Андрей Гризли, Егор Сесарев, Тина Кузнецова, Антон Беляев және тағы да басқалар.

 

Британдық шебершісі Питер Гринуэйдің «Эйзенштейн в Гуанахуато» фильмінің ТМД елдеріндегі премьерасы 3-ші қаңтарда өтсе де, біз бұл фильмді де атағымыз келіп отыр. Картина марқасқа кеңес режиссері Сергей Эйзенштейнның өмірбаянының бір бөлігін қамтиды.

 

Аптаның кинопремьералары 7

 

Сюжет бойынша, 33-жасар Эйзенштейн Мексика қаласына «Да здравствует Мексика!» фильмін түсіру үшін келеді. Ол қалада қыдырып, өз зерттеулерін жүргізе бастайды. Оның басты мақсаты бүкіл дүние жүзіне танымал Өліктер мұражайын көріп, камераға түсіру. Режиссердің жолында түрлі қыиндықтар да туындайды. Нәтижесінде ол Мексикада таңақаларлық, ұмытылмас 10 күн өткізеді. Сол қалада алған әсерлер Эйзенштейннің өмірінде және киношығармашылығында басты рөл атқарды.

 

Аптаның кинопремьералары 8

 

«Эйзенштейн в Гуанахуато» фильмінің түсірілімдеріне дайындалу барысында Гринуэй Мексикаға барып, Эйзенштейн болған жерлердің барлығын аралап қайтқан болатын. Олардың ішінде Фрида Кало және Диего Ривераның үй-мұражайлары да бар.

Гринуэйдің жаңа фильмі эксперименталды, көптеген қызықты ақпаратқа және сықаққа толы, өнерлі түсірілген болып шықты. Гринуэй өзінің кинематографтағы табынушысына махаббатын, құрметін білдіріп, Эйзенштейннің өзін-өзі тану барысындағы кезеңін баршаға көрсеткісі келді. Сонымен қатар, кейбір тарихи деректерге сүйене отырып, режиссер жаңа фильмінде Эйзенштейннің жыныстық көзқарасына көңіл бөледі. Егер мүмкіндік болса, бұл фильмді міндетті түрде көруге тырысыңыз. Эйзенштейн сияқты тарихи тұлғаларды біз білуіміз керек.

Фильм өткен жылдың ақпан айында Берлиндік кинофестивальде көрсетілді. Басты рөлдерді Элмер Бэк, Луис Алберти, Майя Сапата, Лиза Оуэн, Стелио Саванте және тағы да басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: