18+
7 января 2016

Аптаның кинопремьералары «Омерзительная восьмёрка»

Аптаның соңында әдеттегідей экранға шыққалы жатқан көптеген қызықты фильмдерді назарларыңызға ұсынамыз. Фильмдер көп болғандықтан, біз сіздерге олардың ішінен ең басты премьераларын таңдадық. Осы жолы тізімде жақында өткен «Алтын глобус» марапаттау салтанатының жеңімпаздары да бар.

Ендеше, ескі жылды шығарып салып, жаңа фильмдерге кезек берейік.

Осы аптада да жылдың басты премьераларының бірі көптеген көрермендердің сүйікті режиссёрі Квентин Тарантиноның «Омерзительная восьмёрка» фильмінің көрсетелімі басталады. Сюжет бойынша, оқиға Америкадағы Азамат соғысынан кейін 19-шы ғасырдың екінші жартысында бір жерде кездейсоқ сегіз түрлі адам жиналады. Олар қатты боран кезінде қонақ үйге тоқтап, бір-бірін кездестіреді. Қарлы ауа-райы сәл басылғанша күте тұруға мәжбүр болған кейіпкерлермен ерекше ойын басталады. Сол ойында ұтыс ретінде адамның өмірі қойылады. Сегіз кейіпкердің ішінен біреуі екі жүзді.

Аптаның кинопремьералары 1

Қызықты жол сапар сияқты басталған фильм аяғында детективтік оқиғаға айналады. Тарантино өзінің сегізінші картинасын Америка және оның құндылықтарына өткір сатира ретінде жасады. Осы жерде де кейіпкерлердің әңгімесі арқылы олардың мінезі ашылады. Жаңа фильм ең бастысы өзінің керемет таңдалған актёрлік құрамымен таңқалдырады. Олар – Курт Рассел, Сэмюэл Л.Джексон, Тим Рот, Майкл Мэдсен, Дженнифер Джейсон Ли, Уолтон Гоггинс, Демиан Бишир және Ченнинг Татум сияқты жұлдыздар.

 

 

Тарантино әдеттегідей өз стилінен аумай, керемет диалогтарға толы, ерекше кейіпкерлер мен қантөгісі бар жанкүйерлердің көңілен шығатын кино түсірді.

Жақында Голливудта өткен «Алтын глобус» марапаттау салтанатында «Жиіркенішті сегіздік», «Ең үздік саундтрек» номинациясында жеңімпаз атанды. Фильмге музыканы танымал дарынды композитор Эннио Морриконе жазып берген болатын.

 

Американдық режиссёр Райан Куглердің «Крид: Наследие Рокки» фильмі қазақстандық экрандарға шығады. Картина Роккидің бірінші қарсыласы, кейін жақсы досы болып кеткен танымал боксшы Аполло Кридтің ұлы жайында баяндайды. Рингте көз жұмған чемпионның некесіз туылған баласы әкесін білмеген. Балалар үйінде өсіп, боксты меңгеріп, әкесінің ұлы ататегін алған жігіт өзіне сенімді әрі тәжірибелі ұстаз іздей бастайды. Қартайған Рокки болса бұрыңғы ісіне оралғысы келмей, шешімімен асықпайды.

 

Аптаның кинопремьералары 2

 

Сіздер білетіндей, Рокки Бальбоа – кинематографта аңызға айналған кейіпкер болып табылады. Актер Сильвестр Сталлоне ойдан шығарған боксшы нағыз батырға лайықты қасиеттерге ие ұлт мақтанышы болды. Біз Роккидің оқиғасы сол 1990-шы жылдары аяқталды деп ойлағанда, 2006-шы жылы ол рингке қайта оралды. Сол кезде Сталлоненің жасы 60-тан асқан еді. Жаңа «Кридте» бұрыңғы бөлімдерден бірде бір кейіпкер (Сталлонедан басқасы) жоқ болса да, фильм сол қалыпты, стильді сақтап қалған. Бір жағынан осы картинада алдыңғы бөлімдердің оқиғасы ойға қонымды дамыса, екінші жағынан сюжеттің кейбір жерлері қайталанып, қазіргі заманға лайық қайта түсірілген «Рокки» сияқты көрінеді.  Дегенменде, бұл кемшілік емес, керісінше өткен жылдардың жақсы әсерін қалдырады.

 

 

«Алтын глобус» марапаттау салтанатында Сталлоне осы фильмдегі рөлі үшін «Екінші пландағы ең үздік актёр» атанды. Бұл Шетелдің баспасөз ассоциациясының (HFPA) актёрге деген құрметі және игілігі болды. Актёр үшін ол 40 жыл күткен бірінші «Алтын глобус» жүлдесі.

«Крид: Наследие Рокки» фильмінде рөлдерді Сталлонемен қатар Майкл Б.Джордан, Тесса Томпсон, Филисия Рашад, Андре Уорд және тағы басқалар сомдайды.

 

Бейсенбіде «Элвин и Бурундуки 4: грандиозное бурундуключение» мультфильмінің премьерасы өтеді. Сюжет бойынша, боршатышқандардың (бұрындықтардың) иесі Дэйв әдемі жүзік сатып алып, сүйікті қызына некелесуге ұсыныс жасау мақсатында Майамиге аттанады. Бұрындықтар болса бұл керемет жәйтқа қуануға асықпай, Дэйвтің жанұя құратыны оларда үлкен қорқыныш туғызады. Олар Дэйвтің әйелі жақсы қалыптасқан жанұялық қарым-қатынастарды бұзып жібереді деп ойлайды. Бұрындықтар жанұясын сақтап қалу үшін барлығын жасауға дайын болып, Америка материгі бойынша саяхатқа аттанады.

Аптаның кинопремьералары 3

Мультфильмді көріп үлгерген көрермендердің пікірлеріне сенсек, бұрындықтар жайындағы жаңа туынды олардың көңілінен толығымен шықты. Егер де сіз алдыңғы бөлімдерді көрсеңіз, онда ол көңілді көтеретін, жанұямен тамашалауға тура келетін мультфильм екенін білетін шығарсыздар. Осы жолы да «Король вечеринок» танымал комедиясын түсірген режиссёр Уолт Бекер бізді әбден күлдіреді деген сенімдеміз.

 

 

Рөлдерді Джейсон Ли, Джастин Лонг, Джесси МакКартни, Джош Грин, Мэттью Грей Гублер және тағы басқалар сомдайды.

 

Француз режиссёрі Алис Винокурдың «Телохранитель» фильмінің премьерасы 14-ші қаңтарда өтеді. Картина жарақат алғаннан кейін түсінде соғысты жиі көріп, қиналатын Құрлықтағы әскери күштерінде арнайы бөлімде дайындалған бұрыңғы сарбаз Венсан есімді ер жайында баяндайды. Ол досының командасында сақшы (оққағар) болып жұмыс істейді. Бір күні оларды беделді бизнесмен ұйымдастырған кешке сақшы болуға шақырады. Мереке аяқталғаннан кейін бизнесмен Венсанға оның әйелі мен кішкентай баласының оққағары болуға ұсыныс жасайды. Ол өзі болса жұмыстармен басқа елге ұшып кетеді.

 

Аптаның кинопремьералары 4

 

Белгілі болғандай, сарбаз үшін соғыз ешқашан аяқталмайды. Сондықтан бұл фильм денесімен соғыстан оралса да, жаны әлі сол қауіп-қорқынышқа толы жерде адасқан басты кейіпкердің психологиялық портреті болып табылады. Фильмде Венсанның басында болып жатқан нәрселер көрерменді қорқытатын дыбыс арқылы беріледі.

 

 

Винокурдың бұл картинасы өткен жылы болған Канныдағы кинофестивальде көрсетілді. Кейін көптеген киносыншылар арасында осы фильмге қатысты бәсекелестер туды. Егерде сіз белгиялық актёр Маттиас Шонартстың жанкүйері болсаңыз, онда бұл фильм сізге әбден ұнауы мүмкін. Режиссёрдің айтуынша, ол бұл рөлді арнайы осы актёр үшін жазған екен.

Рөлдерді Шонарстан басқа Дайан Крюгер, Поль Ами, Перси Кемп және тағы да басқалар сомдайды.

 

Біздің тізімдегі аптаның соңғы премьерасы ол – ресейлік киносыншы Роман Волобуевтің алғашқы режиссёрлік жұмысы «Холодный фронт» фильмі. Сюжет бойынша, бір біріне деген махаббаттары суып кеткен Саша және Илья есімді жұп қысқы демалысты Францияның солтүстігінде орналасқан мұхиттың қасындағы үйде өткізеді. Жаңа жылдың қарсаңында бір біріне қатасы жоқ екі оқиға орын алады. Екі жас тұратын үйдің қасына, жағаға толқын белгісіз жануардың денесін шығарады. Сол күннің кешінде жақын қалашыққа азық-түлік сатып алуға барған Илья станциясын шарастырып түсіп, адасып кеткен Маша есімді аруды кездестіреді. Бейтаныс қыз екі жастың демалып жатқан үйінде қонуға қалады. Осы жерден бастап қызықтың барлығы басталады.

 

Аптаның кинопремьералары 5

 

Бұл фильм ішкі жан күйзелісті басынан кешіріп жатқан адамдар туралы. Волобуевтің картинасы әйел мен еркек арасындағы қарым-қатынаста туындайтын мәселелерге ешқандай шешім бермейді. Ол барлығын тек айна сияқты көрсетеді. Әркім сол айнаға қарап, өзін көріп, өз шешімін қабылдайды. Басты кейіпкерлердің айналасында әдемі табиғат, керемет мұхит, еш тірі жан жоқ, барлығы бос. Бұл олардың ішкі жан дүниесінде болып жатқанның көрінісі. Картина біздің қазақстандық кинотеатрларында көрсетіле ме әлде жоқ па – онысы белгісіз. Дегенменде, киносыншының алғашқы режиссёрлік жұмысы үлкен қызығушылық танытады.

 

 

Рөлдерді Светлана Устинова, Даша Чаруша, Александр Молочников, Полина Аскери, Кристоф Ле Тессон және тағы да басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: