18+
25 февраля 2016

Аптаның кинопремьералары «Большой и добрый великан»

Осы аптада отандық кинотеатрларының экрандарына халықаралық кинофестивальдерде көрсетілген фильмдер шығады. Аптаның жаңа төрт фильмі міндетті түрде көруге тұрарлық. Неге біз солай ойлаймыз десеңіздер? Әдеттегідей біздің шолуды оқыңыздар.

Америкалық режиссер Стивен Спилбергтің «Большой и добрый великан»шытырман оқиғалы фильмі экрандарға шығады. Сюжет бойынша бір түні ұйқысыз жатқан Софи есімді кішкентай қыз терезеден көшеде қыдырып жүрген дәу ағаны көреді. Ол ұйықтамай жатқан қызды байқап, өзімен бірге дәулер әлеміне алып кетеді. Сол әлемде Софидің дәулер әр түрлі болатынына көзі жетіп, олардың көбісі балаларды жейтінін біледі. Ал Софиді алып кеткен дәу өсімдіктермен қоректеніп балаларға жақсы түстер сыйлаумен айналысады екен. Сол сәттен бастап қыздың хикаялары басталады.

Аптаның кинопремьералары 1

Ағылшын жазушысы Роальд Дальдің балаларға жақсы түстерді алып келетін әлемдегі ең мейірімді дәу туралы романы естеріңізде ме? Спилбердің жаңа жанұялық фильмі осы кітап негізінде түсірілген. Режиссер көп уақыттан бері алғашқы рет балаларға арналған фильм түсіріп отыр. Бұрын ешкім осы танымал романның негізінде кино түсірмегені таңқалдырады. «Большой и добрый великан» балаларды достыққа үйретіп, әр мемлекетте, ұлтта өз жамандары мен жақсылары бар екенін көрсетеді. Ал үлкендер болса бұл фильмде одан басқа саяси идеяларды да тауып алуы мүмкін. Қиялыңыз бай болса, барлығы сіздердің қолдарыңызда. Спилбергтің жаңа фильмін көруге біз кеңес береміз.

Рөлдерді Марк Райлэнс, Ребекка Холл, Билл Хейдер, Джемейн Клемент, Рейф Сполл және тағы басқалар сомдайды.

Ағылшын режиссері Дэвид Йэтстің «Тарзан. Легенда» фильмінің көрсетілімі басталады. Тарзан есіміне ие болған джунглиде өскен жігіт туралы барлығымыз білеміз. Дегенменде осы кинода болатын сюжетке қысқаша тоқталып өтейік. Бір экспедиция ну тоғайда жабайы адамды тауып алып, қалаға жеткізеді. Лондонда оны ғылыми қызметкерлер әдепке үйретіп, тәрбиелеп, киіндіріп қоғамда өмір сүруге жібереді. Бір күні Тарзан тау кенді игеру компаниясы джунглиға зиян келтіріп жатқанын біліп, өскен жерін құтқаруға аттанады.

Аптаның кинопремьералары 2

Бұл сіздер түсініп отырғандай америкалық жазушы Эдгар Райс Берроуздың 1912-ші жылы жарық көрген романының кезекті экранизациясы. Сол кезден бері Тарзан туралы жүзге жуық фильм түсірілді. Жаңа фильм бізді немен таңқалдырады екен? Басты рөлді сомдаған швециялық актер Александр Скарсгардың айтуынша, осы жолы Тарзан Англияда он жыл тұрып, классикалық костюмдер киіп, премьер-министрмен шәй ішіп жүреді. Біздің редакция Тарзанды киноға барып тамашалауды асыға күтуде. Біздің сүйікті актеріміз Скарсгардтың Тарзан кейіпінде керемет көрінетінінде күмәнісіз жоқ. Сонымен қатар, басқа да дарынды актерлер өз кейіпкерлерін жақсы сомдап шығатыны сөзсіз.

Рөлдерді Александр Скарсгард, Марго Робби, Кристоф Вальц, Сэмюэл Л. Джексон, Элла Пернелл және тағы басқалар сомдайды.

Канадалық режиссер Жан-Марк Валленің «Разрушение» фильмі экрандарға шығады. Сюжет бойынша сәтті банк қызметкері Дэвис жарымен көлікте келе жатып жол апатына түседі. Әйел сол сәтте көз жұмады, еркек тірі қалады. Емханада жатып, енді қалай өмір сүретінін білмейтін Дэвис сауда автоматынан шоколад алмақшы болады. Бірақ өнім автоматтың ішінде қалып қалады. Сол кезде Дэвис компанияның атына шағым жаза бастайды. Наразылығын білдіру барысында ол өмірінде болып жатқан жәйттармен бөліседі. Оның арасында әйелін жоғалқаннан кейін не істейтінін білмейтіні жайындағы ойлары да бар. Сондай жан-сезім шағымдардан кейін ол оның өмірін толығымен бұзатын компания менеджерімен танысады.

Аптаның кинопремьералары 3Әр адам жақынын жоғалтқаннан кейін өзінше қайғырады. Кейбіреулер үлкен күйзеліске ұшырайды, екіншілер күні-түні жылаумен өткізеді, үшіншілер айналадағы барлық нәрсені қирата бастайды. Біз өзіміз үшін өмір сүреміз деп ойласақ та, сүйікті адамымыз өмірден кеткенде, бұл пікір қате екенін түсінеміз. Көрермендерге «Далласский клуб покупателей» және «Дикая» сияқты керемет фильмдерді сыйлаған режиссер Жан-Марк Валленің жаңа жұмысы кино сыншылардың карама-қайшы пікірлеріне ие болды. Біріншілері мақтаса, екіншілері сынап шықты. Дегенменде актерлік құрам және қызықты сценарий үлкен қызығушылық туғызып отыр.

Рөлдерді Джейк Джилленхол, Наоми Уоттс, Крис Купер, Джуда Льюис, С.Дж. Уилсон және тағы басқалар сомдайды.

Жолдарын енді бастап келе жатқан режиссерлер Дэн Кван мен Дэниэл Шайнертің «Человек – швейцарский нож» фильмінің көрсетілімі басталады. Сюжет бойынша Хэнк есімді басты кейіпкер елсіз аралда жүріп, аман қалу үмітін үзіп өз-өзіне қол жұмсамақшы болады. Сол сәтте ол жағажайға тірелген бір адамның өлі денесін көреді. Нәтижесінде ерекше қасиеттерге ие өлі дене Хэнктің аман қалып, аралдан кетуіне көмектеседі. Олар екеуі қызықты жағдайларға толы саяхатқа аттанады. Сол өлі дене жігітке өмірдің рахатын қайтарады.

Аптаның кинопремьералары 4

Осы фильм өткен «Сандэнс» халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік режиссура» сыйлығына ие болған. Сюжетіне қарап сіздер байқаған шығарсыздар, бұл өте ерекше әрі батыл идеясы бар кино. Ондай туындыларды жылда кездестіре бермейсің. Өте күлкілі, қарапайым және барлығына түсінікті моралі бар фильм. Режиссерлердің жеткізгісі келген ең басты ойы — өз-өзіңнен ешқашан ұялма, әр адам ақылға қонбайтын көзқарастар ұстанса да, ол бәрібір тұлға. Сондай-ақ, дарынды актерлік дуэт кез келген көрерменді қуантады.

Рөлдерді Пол Дано, Дэниэл Рэдклифф, Мэри Элизабет Уинстэд, Ричард Гросс, Энди Халл және тағы басқалар сомдайды.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: