Қарым-қатынасқа махаббат лебізін қалай қайтаруға болады?
Фото: Pexels.com

Cosmo-бикеш! Біздің контрибьютор-эксперттер арасында жаңа маман келді. Енді жыныстық қатынас жайлы көбірек білгің келсе, сексолог-маман Мөлдір Қазиева бұл тақырып туралы көптеген қызықты мәселелерді қозғайды. Бүгін ара-қатынастарыңыз суып кетуге жақын қалды-ау деп есептесең, не шара қабылдауға болады деген сұраққка жауап аласың!

Отасқанына 10 жылдан асқан отағасын қалай селт еткізуге болады? Оның жүрегіне “асқазан арқылы” баратын жолдан басқа жол бар ма?



Еркегін қоздыра алатын, сол арқылы қалауын оята алатын қылықты әйел болу сұраныста. Әсіресе, отбасылы болғанына біраз жыл өткен еркектер арасында. Ыстық-суығы басылмаған жас жұбайларға бұл туралы кеңес беру артығырақ болар, бірақ білгеннің зияны жоқ. Сонымен, еркекті ҚАЙ КЕЗДЕ де қоздыра алатын 4 тәсіл қандай?

Қыздай болмасаңыз да, сымдай болыңыз!

Себебі, еркек көзімен сүйеді. Бірнеше жылдар бойы бала туып, сымбатыңыздың сәні кетсе, араларыңыздағы қатынастың мәні кетеді. Сондықтан, декреттен декретке үйде отырған әйел болсаңыз да, өзіңізге күтім жасауды ұмытпаңыз.

“Әй” дегенді “ау жаным” деп ауыстырып көріңізші

Мамандардың айтуынша еркекті қоздыруда әйелдің дауысы ерекше рөл ойнайды. Телефонмен сөйлескенде дауысының өзіне ғашық болып, тұтқаның арғы жағындағы аруды құшқысы келетінін еркектер жасырмайды. Еркектерге ұнайтыны — әйелдің ойнақы, тереңнен шығатын нәзік дауысы. Енді, еріңізге даусыңызды жұмсартып, “тоныңызды” шешіп сөйлеп көріңізші, еріп кетсін.

Шалбарды шұлыққа ауыстырыңыз

Еркектер көзімен сүйеді деп айттым, ия. Енді сырт пішіннен, сырт киімге мән береміз. Себебі, кез келген сұрықсыз әйелге әр беретін дұрыс таңдалған киімі. Сондықтан, өзіңізге жарасымды, мүсініңіздің кемшілігін жасырып, артықшылығын асыратын киім таңдап үйреніңіз.

Көзіне жиі қараңыз

Көзден алыстаса, көңілден алыстайды деген. Көз жанарыңыз жиі түйіскен сайын сең қатқан сезімдеріңіз ери түседі. Үйде ғана емес, қонаққа барғанда да көзбен іздеп жатсаңыз жанарыңыз түйіскенде кірпік қағып қойыңыз. Еріңіз ертерек үйге қайтуға асығып тұрсын.

Қай жаста болмасын, ерінің өзіне деген сезімін суытып алғысы келмейтін әйел үшін ессіз қылықтар жасаудың қажеті жоқ. Тек осы 4 кеңесті ұстанып отырса, сезімге де селкеу түспейді, төсек те суымайды.

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Я соглашаюсь с правилами сайта