Қаш! Айсұлтан Сейітов алғашқы толықметрінің трейлерін ұсынды!

«Қаш» Айсұлтан Сейітов көптен күткен фильмінің алғашқы трейлерін ұсынды! Әлемге танымал жас режиссердің тырнақалды «Қаш» туындысы, 1-ші желтоқсан күні тұсауы кесіледі.

«Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында Қазақ АКСР-да болған аштық кезінде қабірші Исатай өзінің ауылын құтқаруға арналған қауіпті тапсырманы орындау үшін ең жақын жердегі қалаға аттанады, бірақ жолда оған ешқайда апармайтын бағытты көрсеткен жаһангер кездеседі.» — деп картинаның кішігірім мазмұнын инстаграмда жазған Айсұлтан Сейітов, туындысын алғаш болып қазақ көрермендеріне ұсынбақ. Ашаршылық заманы жайында таспаланған лентада Еркебұлан Дайыров, Иісбек Әбілмәжінов және ресейлік Александр Паль және Варвара Шмыкова басты рөлде.

Поделиться: