«Ғашықтар!» Данияр Алшыновтың жарымен желіге жүктеген видеосы көпшілікті тәнті етті!

Таяуда ғана сүрбойдақтар қатарынан кетіп, отау құрған Данияр Алшынов бүгінде көпшілікке үлгілі отбасы екенін көрсетіп жүр. Актер жарымен еліміздің батыс өңіріне демалысқа аттанған. Жас жұбайлар бұл сапарындағы фотоларын желіге жүктеп оқырмандарын тәнті етті.

«Жан дүниеңе жақын адамды тапқаның көрініп тұр» — деп жарыса жазба қалдырған фолловерлер Данияр мен жарының бір-біріне деген ыстық ықыласын көріп қызығушылық танытты. Еске салсақ, танымал актер тамыз айында Ажар Күнболат есімді сәнбикеге үйленген еді.

Поделиться: