18+
11 марта 2016

Айнұр Ниязова: «Менің арманымның бірі еркектің рөлін ойнау»

Қазақстанның ең жарқын және ойшыл актрисалардың бірі — Айнұр Ниязова – өз бойында ақсүйек сәнділік пен терең драматизмді керемет байланыстыра алады. Ол сексуалды, сұлу арулардың рөлдерін сомдағысы келмейді, ол кейпінде күрделі өзгерістерді қалайды. Жаңа фильмде Айнұр көрермендердің алдында бет-әлпеті көріксіз, тағдырдың ауыр тауқыметін шеккен әйелдің рөлінде көрінеді.

Жаңа жобалар жайында. Мен 16-сериядан тұратын «Зәуре» сериалында түсуді аяқтадым. Сериал қазақтың Золушкасы жайында, режиссері Ернар Нұрғалиев болды. Мен Зәуренің қызғаншақ, ішітар, арам ойлы әпкесінің рөлін ойнаймын. Ол әрқашанда Зәуреге қастық әрекеттер жасайтын жағымсыз кейіпкер. Соңғы үш жылда мен бірде бір сериалға түспеген едім. Бұл менің жеке талғамын, шешімім болған. Себебі мен қатысатын жобаларды өте ұқыпты таңдаймын. Қазіргі таңда таңдауым авторлық киноға жиі түседі. Білесіз бе, бізде «ойшыл актерлер» деген категория бар. Мен өзімді сол категорияға жатқызамын. Біреулерге бұл сыпайы емес көрінетін де шығар (күледі). Соңғы кездері ойын-сауық кинодан бет бұрдым. Бірақ осы «Зәуре» сериалында мені осы жағымсыз кейіпкер өте қызықтырды. Бұл өте күрделі кейіпкер, оның жұмысы көп. Менің ойымша, сериалдан жақсы коммерциялық драма шығуы керек. Сериал ақпан айынан бастап мемлекеттік телеарнадан көрсетіліп жатыр.

Сонымен қатар, мен режиссер Әділхан Ержановтың «Судебный исполнитель» (Сот орындаушысы) жаңа жобасына қатыстым. Бұл авторлық картинада маған басты рөл берілді. Ең бастысы бұл фильмге режиссер мен сценариші үшін түсуге келісімімді бердім. Сценариші Әділхан Ержанов Қазақстанның авторлық киносының ең басты өкілі болып табылады. Ал режиссер Мұрат Маханмен біздің көз-қарасымыз, ойларымыз келіседі. Осы екі дарынды тұлғамен бірге жұмыс істегеннен үлкен ләззат аласың.

Айнұр Ниязова: "Менің арманымның бірі еркектің рөлін ойнау" 1

Менің арманымның бірі көріксіз, күтім көрмеген әйелдің рөлін ойнау болған.Әділхан Ержанов осы менің арманымды орындады десем болады. Ол маған «Сот орындаушысындағы» рөлді ұсынғанда, бұл бет-әлпеті көріксіз, алба-жұлба киінген, бет терісі нашар, көзі көгергер әйел болатынын айтты. Шынымды айтсам, мен сол кезде қатты қуанып кеттім. Маған арнайы грим жасап, шашым кір көрінсін деп, басыма май жақты. Сондай-ақ, мені жаман, жыртық киімге киіндірді, бүкірейіп жүруді талап етті. Мен баспанасыз адамға толығымен ұқсап, тағдырдың ауыр тауқыметін шеккен әйелге толығымен ұқсадым. Жалпы бұл рөлден мен үлкен ләззат алдым. Егерде маған өмірі одан да қиын кейіпкердің рөлін ойнау керек десе, мен тіптен қуанар едім. Менде кадрда үнемі сұлу әрі ұқыпты көріну деген мақсат жоқ. Көптеген актрисалар сұлу емес болуды ұнатпайды. Ал мен күрделі өзгерулерді қажет ететін рөлдерді жақсы көремін. Сондай рөлдермен жұмыс істеген кезде, ішкі жан-дүниең толығымен өзгереді. Қиын кейіпкерлерді зерттеп ойнау сен үшін өте қызық әрі пайдалы.

Және де мен еркектің рөлін ойнауды армандаймын. Техникалық тұрғыдан еркектің дауысын монтаж арқылы келтіруге болады, ал оның қылықтарын, мінезін, көз-қарасын мен зерттеп ойнар едім. Актерлік тұрғыдан алып қарайтын болса, осындай рөлмен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан арнайы мен үшін осындай еркектің рөлін жазып, мені сол фильмге түсуге шақыратын режиссер табылатын шығар деп үметтенемін.

Айнұр Ниязова: "Менің арманымның бірі еркектің рөлін ойнау" 2

Мен киноманмын, сапасыз кино қарамаймын. Көпшілік көретін киноны ұнатпаймын. Классика мен блокбастердің арасынан мен әрине классиканы таңдаймын. 2015-ші жылы көптеген тамаша фильмдер көрдім. Олардың ішінен италияндық режиссер Паоло Соррентиноның «Молодость» фильмі ерекше ұнады. Бұл көркемдік туындыда барлығы керемет – оператор және қоюшы-суретшінің жұмыстары, актерлік ойын, музыка. Барлығы өте тамаша түсірілген. Осының алдында бұл режиссер «Великая красота» фильмін түсірген болатын. Сол кезде мен бұл картинадан керемет ештеңе болмайтын шығар деп ойлаған едім. Бірақ Соррентино осы жолы барлығын таңқалдырып, керемет туындыны ұсынды. Бұл жердегі кейіпкерлердің диалогтары мен монологтары терең ойлы. Тек нағыз дарынды шеберші ғана жастық шақты екі қарт адам арқылы көрсете алады. «Молодость» фильмі бірнеше рет көруге тұрарлық дүние. Әр кезде сіз өзіңіз үшін жаңа тақырып таба аласыз.

Негізінде мен түрлі жанрларды жақсы көремін. Барлығы менің көңіл-күйіме байланысты. Кейде үйде отырып мен Альфред Хичкоктың фильмдерін көре аламын. Кейде Вуди Алленның фильмдерін сағынып, оларды көрем. Оның өткір тілді диалогтарын тыңдап, терең философиясына батып кетемін. Әйелдерге арналған «P.S.: Я люблю тебя» романтикалық драмаларды қарап, қиялға беріліп кететін кездерім де болады. Әр кезде әрқалай. Бірақ мен түрлі құбыжықтары бар қорқынышты фильмдерді, психологиялық триллерлерді және комикстер бойынша түсірілетін киноны ұнатпаймын. Бұндай фильмдер мені шабыттандырмайды, жандандырмайды, ештеңкеге үйретпейді.

Айнұр Ниязова: "Менің арманымның бірі еркектің рөлін ойнау" 3

Түсірілім алаңында берілген орынды кеңес жайында. Осыдан бірнеше жыл бұрын мен «25-й километр» (25-ші километр) сериалына түскен болатынмын. Сол жобада мен Жанна Қуанышева және Ғазиза Әбдінабиева сияқты еліміздің еңбек сіңірген актрисаларымен жұмыс істедім. Бір күні менде режиссермен даулы мәселе туындады. Мен өзімнің пікірімді білдіріп, менің кейіпкерім түсіріліп жатқан сахнада басқаша көріну керек екенін айтқанмын. Сол сәтте Ғазиза апай маған: «Режиссерлермен ешқашан дауласпа, айтыспа. Әрқашанда «иә» деп, басыңды изе. Ал сахнаны түсіріп жатқанда, өзің қалай сезесің, қалай дұрыс деп ойлайсың, солай жаса. Сол кезде ғана сен баға жетпес, таптырмайтын актриса бола аласың. Сонда ғана барлық режиссерлер тек сенімен ғана жұмыс істеуге тырысады» деп айтқан еді. Мен бұл кеңесті ойыма түйіп алдым, қазіргі таңда да пайдаланам. Ғазиза апайдың кеңесі маған өте көмектесті.

Кейіпкерлеріңді қалай зерттеп, жұмыс істейсің? Кейікерлерді үнемі ойымда ұстап отырамын. Үзіліс болған кезде, мен бұл кейіпкермен жұмыс істеймін. Бұл кәсіби деңгейде өзінен өзі болатын дүние. Мен әрқашанда кейіпкерде егжей-тегжейлерін іздеймін. Түсірілім процессі басталмай тұрып, мен кейіпкеріме ғашық болуым керек. Егерде кейіпкеріме ғашық болмасам, мен оны нағыз шынайлылықпен ойнап шыға алмаймын. Сериалдағы кейіпкерлерді ойнау қиынрақ. Себебі сериялардың көп болғандығынан әр кезде кейіпкер әр түрлі болып шығады. Сен онымен қаншалықты жұмыс істесең де, кейіпкер бәрібір өзгерістерге ұшырайды. Нәтижесінде кейіпкер қандай болып шығатынын білмейсің. Толықметражды кинода кейіпкерді сомдау процессі сәл басқалау. Бұл жерде тұтастық бар.

Айнұр Ниязова: "Менің арманымның бірі еркектің рөлін ойнау" 4

Қазіргі таңда толығымен киноға берілдім. Қазір кинематограф толығымен менің уақытымды алады. Мен киноға түсемін, сценарийлер ойлап табамын, режиссер ретінде бейнебаяндар мен роликтер түсіремін. Менің шабытым, барлық күшім, уақытым және көңілім киноға арналады. Әзірше басқа нәрсеге көңіл бөлгім келмейді. Мүмкін бірнеше уақыттан кейін киім тігу мен әншілікке оралатын шығармын – онысын білмеймін. Тағы да қайталап өтейін, қазіргі таңда барлық менің ойларымды кино алады. Мен барлығы тұтас болғанды қалаймын.

Өмірде байқаусыз болу, көзге түспей жүргенді қалаймын. Мен өмірде қарапайым киінгенді қалаймын. Боянғанды және көзге түсетін киімді ұнатпаймын. Түрлі кештерге де бармаймын. Қазір бұның барлығы мен үшін қажетсіз болып кетті. Ең маңыздысы – ол менің ішкі жан-дүниемнің жағдайы. Біреулерге ұнау үшін өмір сүргім келмейді. Мен өзім үшін өмір сүрем. Көп нәрсені қайта ойлап, қайта бағалап, «сырты жылтыр, іші бос адам» болғым келмейтініне көзім жетті.

Киімге тоқталатын болсақ, мен жеңі ұзын, жабық ұзын көйлектерді ұнатамын. Сол киімде мен өзімді ыңғайлы әрі жақсы сезінемін.

Қазіргі таңда ойы, жаны жоқ кино көп. Көптеген көрермендердің талғамы ол — блокбастерлер, экшн мен орасан күші бар қаһармандарға толы фильмдер. Негізінде бұл дұрыс, әр заманның өз кейіпкерлері бар. Бұл әдетте болатын жағдай. Керісінше барлығы шетінен авторлық киноны көріп, оны шынайы бағалап, таңданып жүрсе — онысы қызық болар еді. Барлық адамдар бірдей творчествоны түсіне алмайды ғой. Музыка саласында да сол ереже жұмыс істейді. Мәселен, қазір Оңтүстік Корея орындаушысы PSY миллиондаған көрулер мен үлкен танымалдылыққа ие болып отыр. Ал жаны бар әуен осындай танымалдылыққа тез арада жете алмас. Мүмкін болашақта одан да ессіз бірдеңе шығар. Оны да адамдар тыңдап, көкке көтереді. Әр заманның өзіндік ерекшеліктері болады.

Айнұр Ниязова: "Менің арманымның бірі еркектің рөлін ойнау" 5
Жаңа ұрпақ үшін уайымдаймын. Қазір жасөспірімдер қалай дамып жатқаны белгісіз. Оларға кітапханаға барып, кітаптың иісін сезудің қажеті жоқ. Көптеген сағат кітаппен құшақтасып отыру, зерттеу процессіне берілу қазір кездеспейтін сияқты. Олар блокбастерлер мен экшнге толы фильмдерді жиі көреді, ойын-сауық сауда орталықтарынан шықпайды. Жастардың құндылықтары толығымен өзгерді. Мені бұл заманда ештеңе таңқалдырмайды. Мен өз әлемімді құнттап ұстауға тырысамын. Себебі қазіргі таңда біреудің ықпалына еріп кету немесе өзін жоғалту өте оңай. Сондықтан мен сапасыз, жаман кино қарамаймын. Жаман талғамға икемдегім келмейді.

Өмірлік ұстанымыңыз қандай? Өтірік айтпау, шынайы болу, сатқын болмау, өз-өзімді алмадамау, ішкі бостандықты жоғалтпау. Ішкі бостандыққа өз басым жақында келдім. Содан кейін өмірімде барлығы өзгерді. Өкінішке орай, бұл бостандықты барлығы бірдей іздеп таба алмайды. Біз жұрт не дейтіні жайында жиі ойлаймыз. Ал оның барлығына мән бермегенде, іштей босанасың. Ең бастысы өзіңе сену керек, интуицияны тыңдау керек. Ішкі бостандық – бақытты өмірдің негізі.

Кішкентай қара түсті көйлектің орнына. Менің ойымша, адам үстіне тек қана қымбат киімдерді, әшекейлерді кигенде, бұл талғамның жоқтығын білдіреді. Маған америкалық дизайнер Александр Вонг өте ұнайды. Мен де ол сияқты қара түсті жақсы көремін. Қара джинсы, қара свитер, қара бас киім кигенді ұнатамын. Бұл әрқашанда ұтылыссыз әрі ыңғайлы шешім.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: