Қазақстандық кинотуынды «Оскар» марапатына ұсынылды!

Отандық кинорежиссер Эмир Байғазин «Өмір» фильмін «Оскар» марапатына ұсынды. Авторлық туынды әйгілі марапатттың «ең үздік шетелдік картина» номинациясы бойынша бақ сынайтын болады.

Қазақстандық кинотуынды «Оскар» марапатына ұсынылды!

Үш жыл бойы таспаланған лента Алматы, Түркістан облысы, Ақтау және Таиландта түсірілген. Эмир Байғазин аталмыш жобасын Торонто кинофестивалінде алғаш премьерасын өткізген еді. Режиссер енді фильмді 10-шы қараша күні отандық көрерменге көрсетпек.

Еске салсақ, Оскар марапатына арналған номинаттар тізімі 2023-ші жылдың 24-ші қаңтарда белгілі болмақ. Ал, премияның өзі 12-ші наурызда 95-ші мәрте өтеді.

Поделиться: