18+
14 июня 2016

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Баян Есентаеваға қолдау көрсетуде

Сіздер білетіндей, танымал тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаева қазіргі таңда Талғар қаласының (Алматы облысы) емханасында жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Оның әріптестері оған әлеуметтік желілерде қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдіруде. Кеше әріптестердің қатарларына қазақ эстрадасының беделді өкілдері де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, дәрігерлердің және полиция өкілдерінің ақпараты бойынша, жұма күні, 10-шы маусымда, Алматы облысының жолында көлікке жанармай құятын орталықтардың бірінде Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев соққыға жығып, пышақтап кеткен. Куәгерлер жәрдем медициналық көмекті шақырып, тележүргізуші емханаға ес-түссіз жеткізілген болатын.

 

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ, әнші:

«Ия, құдіреті күшті Алла тағаланың алдында бәріміз қауxарсызбыз. Бір сағаттан соң не болатынын, біліп, болжай алмаймыз. Іштей тілеген тілек қабыл болады деп үш күн тілеп келдік. Өз-өзіне есеп беретін қасиетті Оразада өзгенің тағдырын талқыға салып (ананы-мынаны айтып), оқырмандарым күнәһар болмаса екен деп бір тоқтадым. Осындайда бір-бірімізді жылы сөзбен жұбатып, жігер бере алмасақ, жақындығымыз қайсы? Ақылды, әдемі, өнерлі, нәзік, шыншыл Баян жан, сен үшін жанын беруге дайын жанұяңмен жақын арада жүздесуіңді миллиондар тілейді».

 

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА, әнші:

«Мен сені танып, етене жақын бір үйдің қыздарындай араласқалы 11 жылдан асып кетіпті. Сол жылдар арасында мен өзіме шын жанашыр, достыққа адал, менің әр қадамыма шын қуана алатын, сырымызды да, мұңымызды да бір-бірімізге айта алатын өмірдегі де өнердегі де әпке, апа таптым. Сенін қандай жан екеніңді, жүрегіңнің кең екенінде, ақылды да еңбекқор екеніңді де мен емес бүкіл қазақ біледі. Сенің өнерге қоскан зор үлесіңді де жаксы біледі. Сенің басына түскен жағдай барімізді есенгіретіп жіберді. Міне 4 күн сенің жақын құрбыларың бәріміз енсемізді көтере алмай қалдық. Ата-анаң, туғандарыңды айтпағанда. Бірақ Аллах шебер. Біз асыққанмен, Алла асықпайды. Бәрін өз орнына қояды. Бастысы жаның аман қалды, соған шүкіршілік етеміз. Жүрегім-ау менің мен сені жақсы көремін. Ұйқы жоқ.. Жүрек сыздайды.. Шарасызбыз… Бірақ Алладан үміт үзбейміз. Тезірек сауығып шықшы. Ортамызға оралшы. Сенің еркелігің, маған Айгулька деп ұрсатының, менің денсаулығыма алаңдайтының бәрі бәрі жетпейді… Алда әлі талай жоспарымыз бар еді ғой соны жасайық. Күні түні сен үшін дұғадамыз. Достар, көбірек дұға жасаңыздаршы. Көптің тілеуі көл ғой».

 

АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА, әнші:

«Баян, Алла шипасын берсін! Ыдыс-аяқ сықырламайтын үй болмайды дейді. Бірақ ұрып, соғып, пышақтау керек емес шығар. Əке-шешесі Баянды жерден тауып алған жоқ қой. Қазағымыздың батыл, еңбекқор қызы, Алла жар болсын! Артық сөйлемейікші, ағайын. Құдай басқа салмасын! Алла білуші. Одан да дұға жасайықшы. Туғандарымен, құлыншақтарымен тезірек қауышсын! Алланың сынағын жеңіп шығуыңа шын жүрегімнен тілектеспін!»

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: