
Жақында Түркияның Елазық қаласында түркі ақындарының «Хазар шиир ақшамлары» атты халықаралық поэзия фестивалі 23-ші рет өтті. Бұл фестивальге Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің шақыртуымен біздің ақындар Кәдірбек Құныпияұлы мен Саят Қамшыгер қатысты.
Поэзия мерекесі төрт күнге созылды. Еліміздің атынан барған екі ақын осы мерекеде өз өлеңдерін қазақ тілінде оқып, дипломант атанып, сыйлықтарға ие болды. Біздің редакция ақындарымызды шын жүректен құттықтайды!
Жалпы Халықаралық поэзия фестиваліне Қазақстаннан басқа Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан, Косово, Ирак, Татарстан, Гагаузия сияқты елдердің ақындары да қатысқан болатын. Шара Елазық қаласының әкімдігі мен Еуразия жазушылар одағы ұйымдастырылды.
Әр жыл сайын Шығыстың бір ақынына, не тұлғасына арналып өтетін поэзия фестивалі бұл жылы Әлішер Науаидің құрметіне арналды. Осыған дейінгі өткен фестивальдердің бірі Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевқа арналып өткен еді.
Поделиться: