«Ажырасуға шақ қалдық!» Арман Юсупов жарымен 1 жыл бойы қарым-қатынасының бұзылғанын айтты!

Арман Юспупов пен Карина Окусукпаева инстаграмда үлгілі жұп ретінде көрінгенімен, желі жұлдыздарының отбасында түрлі кикілжің болатынын ашып айтты. Арман insta stories арқылы, кезінде жарымен ажырасуға шақ қалғанын мәлімдеді. Мұндай ой жұлдызды жұпты 1 жыл бойы мазалаған екен.

«Ажырасуға шақ қалдық!» Арман Юсупов жарымен 1 жыл бойы қарым-қатынасының бұзылғанын айтты!
«Ажырасуға шақ қалдық!» Арман Юсупов жарымен 1 жыл бойы қарым-қатынасының бұзылғанын айтты!

«Дәл сол уақыт өмірімдегі ең қиын кезең болды» ,- дейді блогер. Ал, ажырасу туралы ой, өзге адамдардың пікірінің кесірі екен. Осылайша барлығына шыдаған Каринаға, Арман алғысын білдірді. Ғаламтор жұлдызы бұл тәжірбиеден мынандай сабақ алғанын да айта кетті.

 «Мен қабылдаған теріс пікірлер:

 1. «Жалғыз дұрыс пікір бар — ер адамның пікірі.»

 2. «Әйеліңізбен немесе отбасыңызбен өткізген уақыт маңызды емес. Ең маңызды уақыт — ол достарыңа жұмсаған уақыт, содан кейін қалғаны.»

3. «Сен басқасың, ол басқа. Ол сені құртады.» 

— дәл осы қағидалар бойынша өмір сүрмеңіз дейді, Арман Юсупов. Сонда ғана отбасыңызды бірінші орынға қойып үйренесіз.

Поделиться: