Данияр Алшынов

Таяуда ғана шаңырақ көтерген Данияр Алшинов бүгінде жарымен Италияда жүр. Алайда актер бал айына емес, жұмыс бабымен іс-сапарға аттанған. Себебі, Алшинов бой көрсеткен «Голиаф» фильмі Венеция кинофестивальінде конкурсқа қатысқан еді.

Бал айы ма әлде жұмыс па? Данияр Алшинов қалыңдығымен Венеция қаласында!
Источник: @dalshino

Алшинов бұл сапарында олжалы болғаны анық. Актердің басты рөлді сомдаған кинотуындысы «79-шы Венеция кинофестивальінде» «Жаңа бағыт» номинациясы бойынша арнайы жүлдеге ие болды. Қызыл кілемге жарымен шыққан актер «Premio bisato d’oro» 2022 жүлдесінде «Үздік актер» атанды. Сондай-ақ, бұл марапатқа Берік Айтжановта ие болды. Еске салсақ, нуар жанрындағы фильмнің режиссері Әділхан Ержанов. Барлық ұжымды жеңісімен құттықтаймыз!

Бал айы ма әлде жұмыс па? Данияр Алшинов қалыңдығымен Венеция қаласында!
Поделиться: