Балалар онанизмы: не істеу керек?
Фото: Pexels.com

Бүгін біздің сексолог-экспертіміз Мөлдір Қазиева аса қызықты мәселе жайлы әңгіме қозғамақ!

Не істеріңді білмей дал боласың, біреуге айтайын десең өзіңнің БАЛАҢ… Тіпті ол үшін балаңның қолынан ұрып, ұрсып жазалауың да мүмкін. Баласының жасырын әдетін (мастурбация) байқаған ананың алғашқы әрекеті шамамен осындай болады.



Мұны балалар онанизмы деп атайды. Ондай балалар (тіпті 4-5 айлық сәбиде де кездесуі мүмкін) жыныс мүшесін бөгде затқа үйкеу, қолымен ұстау арқылы ләззат алады. Мұндайда ата-аналар баласының жыныс мүшесін жиі ұстайтынын, ал қыз бала болса аяқтарын жиі айқастырындығын байқаған.

Балалар онанизмы: не істеу керек?

Онанизмнің пайда болу себептері өте көп, бірақ негізгілеріне тоқталып өтейін:

✔️Қызығушылығы. Кейде бала жыныс мүшелерін жақыннан тану үшін ұстауы мүмкін, бірақ ол әдетке айналып кетпеуі керек.
✔️Гигиенаның бұзылуы. Егер баланың жыныс мүшелеріне дұрыс күтім жасалмаса, қышу т.б. қолайсыздықтар туындайды. Мұндайда мүшесін қасу үшін шалбарына қол салған бала мүшесінің сезімтал тұсына дөп тиіп, әсері ұнап қалса ары қарай әдетке ұласуы мүмкін.
✔️Тар немесе матасы жағымсыз іш киімдер.
✔️Невроз немесе баланың уайым-қайғысы. Ата-анасының ажырасуы, анасының тастап кетуі сияқты жағдайлардағы баланың уайымдарында өзін жұбату, ойын басқаға аудару үшін жасауы мүмкін.

Ата-ана мұндайда нені білуі керек? Егер балаңыздың:

порно көріп жатқанын,
мастурбация жасап жатқанын,
басқа балалармен “ересектер ойынын” ойнап жатқанын байқасаңыз, онымен ересек адамдарша сөйлесіңіз.

Баланы ҰРЫСУҒА, ҰРУҒА мүлдем болмайды! Дәл сол кездегі әрекетін назарға алмай балаңызбен сөйлесіп көріңіз. Жасына сай баланың бос уақытын ұйымдастырып, жаңа нәрселерге ойын аударыңыз.

Балалар онанизмы: не істеу керек?

Егер тәрбиелік шаралар көмектеспесе, ал балаңыздағы бұл әрекет шектен шыққан болса (мысалы, басқа адамдардың көзінше де мастурбация жасауы) психологқа барғаныңыз жөн. Ең бастысы, “өзі қойып кетеді” деп ойлап балаңыздың тәрбиесін уақыттың еншісіне қалдырмаңыз.

Балаңызды ыңғайсыз жағдайда көріп қалған кезіңіз болды ма? Балаларға жыныстық тәрбие қажет деп ойлайсыз ба?

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Я соглашаюсь с правилами сайта