пицца

Жыныстық жақындық тек физикалық қалауыңызға, жүйке-жүйе қалпына немесе сенің қарым-қатынастағы кезеңдерден ғана тұрмайды, оған тағам да әсер етеді. Иә, иә, интимдік өмірге кері әсерін тигізетін кейбір азық-түліктер бар. Соларды талқылайық.

Бас тарт! Жыныстық қатынасты құртатын азық-түлік!

Фастфуд

Фастфудтағы қарапайым көмірсулардың мөлшері көп болғандықтан, ол тез семіруге әкеп соғады. Яғни, таразы саны көбейіп, май басып кету қаупі бар. Мамандардың айтуынша, семіздіктің бұл түрі жыныстық гормондардың дамуын азайтады. Бұл өз кезегінде либидоның жоғалуына әкеледі.

Соя өнімдері

Соя өнімдері – вегетариандықтарды құтқаратын азық-түлік түрлері. Алайда, ол ақуыз көзі болса да, гормондардың тепе-теңдігін өзгерте алады. Сонымен, егер ер адам соя өнімдерін тым көп жесе, онда ол тестостерон деңгейін төмендетуі мүмкін.

Фри картобы

Әдетте, картоп көп мөлшерде майға қуырылғандықтан, бұл тамырлардың бітелуіне әкеледі. Осыған байланысты қан нашар айналады. Сәйкесінше, ерлердегі мұндай майлы тағам потенциалды төмендетеді, ал әйелдерде қозу процесін нашарлатады.

Консервілер

Консервілерде тұздың мөлшері өте көп, сол үшін ер азаматтар мен әйелдерде либидо тез азаяды.

Шарап және шампан

Егер бір бөтелкені бірден ішсеңіз, бұл сіздің жүйке-жүйеңізге кері әсерін тигізеді. Ал, сезімталдық нашарлайды.

Ірімішік

Сүт құрамындағы антибиотиктер жыныстық қатынасқа деген қажеттілікті азайтуы мүмкін.

Шұжық

Шұжықтар мен сосискалар да сенің интимдік өміріңді жақсартпайды, өйткені барлық қоспалар жыныстық құмарлықтың төмендеуіне әкеледі. Гормондардың теңгерімсіздігі де пайда болуы мүмкін. Өйткені, фитоэстрогендер ерлердегі тестостерон мөлшерін азайтады.

Майонез

Майонез холестерин деңгейін жоғарылатады, сонымен қатар эрекцияға теріс әсер етеді.

Поделиться: