«Бесінші баламды көтердім!» Жұлдыз Абдукаримова оқырмандарын қызықтырып қойды!

#Меніңбесіншібалам! Жұлдыз Абдукаримова инстаграмда ерек жазба қалдырып оқырмандарын қызықтырып қойды. Қайрат Нұртастың жары жеке аккаунтына «бесінші баламды көтердім» деп пост салған.

«Мен бұл жаңалықпен басқаша бөлісем деп елестеттім: жоғары көңіл-күй, шарлар, торт, әдемі көйлек, жақын жандар….

Бірақ, бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Жарайды, хайырлысы. Көп созбай айтайын, әлде шарымды, тортымды дайындап, көйлегімді киіп алып айтайын баааа 😁

«Тууу, болш енді, тез айтшы» деген дауыстарды естіп жатырмын) Сіздердің көптен бері тілеп жүрген, сұрап жүрген, күтіп жүрген жаңалықтарыңыз орындалды!!! Мен #бесіншібаламды «көтердім». Қалған сезімдерімді келесі жазбаларымда айтып берермін. Себебі бір постқа сыймайтындай-ақ историясы бар…

#меніңбесіншібалам»

Осылайша, 2,7 млн фолловерінен сүйінші сұраған Жұлдыз Абдукаримованың жаңалығына оқырмандар сенер сенбесін білмей әлек. Себебі, бұл ақпарат белгілі бір жобаның пиар қадам болуы әбден мүмкін. Не болса да уақыт көрсетер….

Поделиться: