«Бізге қатты ұнады!» АҚШ-қа саяхатқа аттанған Айым Сейтметова демалысы жайлы айтты!

«Қазақтар Майамиге жол тартты!» Айым Сейтметованың инстаграм парақшасы travel блогқа айналды. Желі жұлдызы 1 аптадан астам уақыт күйеуі Талғат Итаевпен бірге АҚШ-тың қалаларына сапар шегіп жүр. 

Нью-Йорк, Майами, Вашингтон сынды қалаларда саяхаттап жүрген Айым Сейтметова бұл сапарға қызы Томиристы алып бармаған. Бүгінде Томи ата-апасының жанында қалған екен. Ал, кезекті демалысқа аттанған Айым мен Талғатқа теңіз жағасы ұнап жатса керек. Интаграм парақшасында «Бізге қатты ұнады» деп жазба қалдырған актриса, әлі де біраз шетелде уақыт өткізбек. 

Поделиться: