«Бэтмен әзірге оралмайды!» Роберт Паттинсонмен таспаланған лента неге кейінге шегерілді?
Источник фото: Кадр из фильма «Бэтмен» (2022)

Бэтменнің фанаттарына жағымсыз жаңалық. Әйгілі суперқаһарман жайлы фильмнің түсірілім жұмыстары кейінге шегерілді. Роберт Паттинсон басты рөлді сомдаған лентаның соңғы бөлімі былтыр көрермен көңілінен шыққан еді.

«Бэтмен әзірге оралмайды!» Роберт Паттинсонмен таспаланған лента неге кейінге шегерілді?

Еске салсақ, Роберт Паттинсонмен жарыққа шыққан «Бэтмен» фильмі әлемдік прокатта 770 млн доллар жинады. Ауқымды табыстан кейін, «Warner Bros» киностудиясы туындының сиквелін жоспарлаған еді. Алайда, жоба авторлары түсірілім процессі әлі ұзаққа созылатынын мәлімдеді. Әзірге тіпті сценарийі дайын емес фантастика, 2025-ші жылы ғана көрерменге жол тартуы бек мүмкін. Ал, Бэтменнің жанкүйерлері сүйікті қаһарманын Бен Аффлек пен Майкл Китон басты рөлді сомдайтын «Флэш» фильмінен тамашалай алмақ.

Поделиться: