Дастан Оразбеков жас таланттарды қолдады! Әнші кіммен фит ұсынбақ?

Соңғы кездері жеке шығармашылығын қолына алған Дастан Оразбеков тыңдармандарын кезекті туындысымен қуантпақ. «ORDA» тобының әншісі бұл жолы жас топпен дуэт құрды. Дастанның таңдауы «B’NDA» атты талантты өнерпаздардан құралған жаңа бойзбендке түскен. Қос тарап «Ғашығым-ай» трегін ұсынып, композицияға арнайы бейнебаян ұсынады.

«Менің мақсатым – жастарға дамуға мүмкіндік беру және өзімнің де заман ағымына ілесе отырып даму», — деп инстаграмда пост қалдырған Дастан Оразбеков осылайша екі қоянды бір оқпен атамын деп отыр. Ал, су жаңа тректің тұсауы 6-шы қараша күні кесіледі.

Поделиться: