Димаш Құдайберген Рим Папасының медалімен марапатталды!

«Жарайсың Димаш!» Таяуда ғана жаңа бейнебаянының тизерін ұсынған, Димаш Құдайбергеннің тағы бір жағымды жаңалығы бар. Музыкант күні кеше Рим Папасының медалімен марапатталды! Дәл осы маңызды сәт үшін музыкант Елордада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне арнайы барып қайтты.

Димаш Құдайберген Рим Папасының медалімен марапатталды!
kudaibergenov.dimash

Мұндай құрметке лайық деп танылған Димаш, өз тарапынан Рим Папасына арнайы алғыс білдірді. Өнерпаз инстаграмдағы соңғы постында Рим Папасына ұзақ ғұмыр тілеп, өзінің ата-анасын да құттықтауды ұмыт қалдырмаған. Төсбелгіге лайықсың талант!

Димаш Құдайберген Рим Папасының медалімен марапатталды!
Поделиться: