18+
12 июля 2016

Әділбек Ниязымбетов және Ұлттық Олимпиада

Жақын арада, 5-ші және 21-ші тамыз аралығында, Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында барлық спортшылардың көптен бері асыға күткен жазғы олимпиадалық ойындар өтеді. Біздің спортшылар 26 спорт түрінен 100-ден астам Олимпиадаға жолдама алды. Әдеттегідей еліміз бокс пен ауыр атлетикаға үлкен үміт артып отыр. Осы спорт түрлерінен спортшыларымыз міндетті түрде алтын алқа алады деп күтілуде. Ұлттық Олимпиада комитеті cosmo.kz редакциясын AIBA Бүкіләлемдік бокс академиясына апарып, боксшылармыздың дайындығын көріп қайтуға мүмкіндігін сыйлады. Біз боксшылармызбен әңгімелесіп, Риоға аттанатын алдында қандай көңіл күйде жүргендерін, дайындықтары қалай өтіп жатқанын көріп қайттық. Біріншілердің қатарында көзімізге Әділбек Ниязымбетов түсті. Чемпион жігіт бізбен біраз нәрсемен бөлісіп, Олимпиададан не күтетінін туралы, жалпы демалысын қалай өткізетінін, қазіргі жігіттердің еріншектігі жайында айтып берді.

Олимпиадаға дайындық қалай өтіп жатыр? Қазір таулы жерде орналасқан бокс академиясында жаттығып, күш-қуат жинап жатырмыз. Соңғы дайындығымыз Астанада болады. Рио-де-Жанейро қаласына аттанатын боксшылардың барлығы өте мықты. Әрқайсысы Қазақстанның туын қорғауға дайын. Әрине, Олимпиадаға баратын әр спортшы алтын алқа алуға тырысады. Сондықтан біз намысты қолдан бермей, еліміздің көк туы жоғары көтерілсін деп үміттенеміз. Жігіттеріміз жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын.

Жеке бапкерлерімізбен бірге қарсыластарымыздың қателерін зерттеп қана қоймай, өзіміздің қателерімізді де қарап, жұмыс істеудеміз. Қазіргі таңда бокс өте жақсы дамып келе жатыр. Сондықтан мынау қарсылас әлсіздеу, ал мынау мықтырақ деуге болмайды. Барлығы бірдей дайындалады, барлығына жеңіс керек. Біреуді жетеу бағаламай, көңіл бөлмеу дұрыс емес. Кез келген жағдайға сақадай сай дайын болуымыз қажет.

Әділбек Ниязымбетов: "Тарихымызға сүйенсек, еріншектік, қарын өсіру бізде болмаған" 1

Мырзағали Айтжанов ағамыз бас бапкер болып келгелі бері, өздеріңіз байқағандай, қазақ боксы жаңа деңгейге шығып, жақсы дамып, жоғарғы биіктерден көріне бастады. Риода өтетін Олимпиадаға 10 боксшымыз жолдама алды, бұл тарихымызда бірінші рет болып жатқан жағдай. Ол өте мақтанышты.

Ең бастысы біздің бапкеріміз тәртіп жағын жақсы қарайды. Тәртіп бар жерде ауыз-біршілік те, жеңістер де болады. Сапқа тұрғанда біз барлығымыз бірдейміз. Айтжанов кім чемпион, кім неше жүлде ұтқанына қарамайды. Бір командада біз барлығымыз бірдейміз. Меніңше бұл өте дұрыс әдістеме.

Рингке шығар алдында халықтың сенімін ақтай алмай қалсам деген қорқыныш сезім болады. Мен үшін ең бастысы халықтың сенімін ақтап, елдің туын желбіретіп, мықты екеніңді дәлелдеп, алтын алқа алу. Күрес кезінде залда отырған жанкүйерлердің қолдауы өте көмектеседі. Халықтың қолдауы біз үшін өте маңызды.

Әділбек Ниязымбетов: "Тарихымызға сүйенсек, еріншектік, қарын өсіру бізде болмаған" 2

Демалыс кездері ең көп дегенде 2-3 килограмм артық салмақ жинаймын. Оның барлығы күнделікті жаттығулармен кетіп қалады. Сондықтан салмақ түсіру маған ешқандай қиындық туғызбайды. Мен қатаң диета ұстанам деп айта алмаймын. Өзімнің ағзам бір салмаққа әбден үйренген, орташа салмағыма тез арада келемін. Жылпы салмақ қуатын жігіттеріміз біздің құрама командамызда бар. Олар өздері тамақтану тәртібін ұстап, жаттығулар программасын құрастырып, қалпына келеді. Әр қайсысының өз әдісін қолданады.

Мен орташа салмақта өнер көрсетем, бұл категорияда жылдамдық тез болады, соққылар да қатты тиеді. Сондықтан бапкеріміз бізге рингте тұрып қалма, ширек қимылда, соққыларды жіберме деген сияқты кеңестерді жиі береді.

Әр демалыс сайын бапкеріміз бізді киноға алып барады. Тарихи немесе өмірбаяндық фильмдерді көреміз. Ол алдын ала таңдалынып алынады. Осылайша бізді мәдени шараларға бейімдейді.

Дайындықта жүрген кезде үйдің тамағын қатты сағынасың. Қазақтың бешбармағына жететін тағам жоқ сияқты. Жарыстардан оралған кезде, үйге бір күн бұрын хабарласып қоямын, бешбармақ дайындап қойыңыздар деп. Қазақтың ұлттық тағамдарын жақсы көремін.

Сүйікті кітаптарым Абай және Жамбыл Жабаевтің шығармалары. Қара сөздерді жиі оқып тұрамын. Кез-келген жағдайда Абайдың сөздері өте орынды келеді.

Әділбек Ниязымбетов: "Тарихымызға сүйенсек, еріншектік, қарын өсіру бізде болмаған" 3

Тарихымызға көз жүгіртсек, балуандарымыз бен батырларымыз мықты болған. Еріншектік пен қарын өсіру бізде болмаған. Негізінде біз аянбай еңбек істеген халықпыз. Қазір біздің жас жігіттеріміздің көбісі неліктен әлсіз және артық салмақ жинап жүргендерін білмедім. Заманның өзгерістерімен еріншектік те көбейіп бара жатыр. Әрине, спортпен шұғылдану әр адамның ақылына, ой-санасына байланысты болады. Ақылды жігіт міндетті түрде әрқашанда спортқа көңіл бөледі. Сондай-ақ, еркектің мықты, физикалық жағынан берік болғаны өзіне де жақсы. Біздің әйелдерге әлсіз еркек керек емес.

Жас жігіттерге айтарым, аянбай еңбек істеу керек, ерінбеңіздер, шығып тұрған қарын ешкімге ұнамайды. Еріншектіктен құтылу керек.

Демалыста үйдің шаруасымен айналысамын. Мен шаршадым, демалыста үйде жатып алу деген жоқ. Әке шешеме көмектесетін шаруа жетеді. Отын жарамын, жер қазу керек болса, оны да істеймін.

Әділбек Ниязымбетов: "Тарихымызға сүйенсек, еріншектік, қарын өсіру бізде болмаған" 4

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: