Сенің бірінші рет қашан, қайда, және кіммен болатынын өзің ғана шешесің. Бұл мақала болса оқырмандардың денсаулығына қауіпті болмай, бірінші реттері тамаша болуы үшін жазылды.

Егер жыныстық қатынас бірінші рет болайын деген жағдайда

Келесі кеңестер мен нұсқаулардың көбісі бірінші рет некеден кейін, әлде некеге дейін болғанына байланысты емес.

Қан ақпаса қорықпа (ақса да қорықпа)!

Көпшілік әлі де қан ақса — қыз, ақпаса қыз емес деп ойлайды. Алайда, қыздық пен қанның бұл жерде байланысы аз. Қанның ағуы не ақпауы тек әйелдердің индивидуалды жыныстық мүшелеріне тәуелді. Әр әйелдің тәжірибесі әртүрлі. Бұл жерде бір дұрыс не бұрыс деген жауап жоқ. Ең бастысы — өзіңді жақсы сезінсең барлығы дұрыс деген сөз.

Өзіңді қорға

Егер жақын арада балалы болғың келмесе контрацепциямен қолданғаның жөн. Контрацепцияның көптеген түрлері бар: ерлер мүшеқабы, әйелдер мүшеқабы, гормоналды дәрілер, және т.с.с. Бірінші реттің алдында гинекологыңды көріп келіп, осы тәсілдердің қайсысы жақсырақ екенін өзің үшін шеш.

Маңызды! “Болғанша шығарып үлгеру” — өте тиімді емес. Бұл тәсіл, біріншіден, сені ешқандай жыныстық дерттерден қорғамайды (тек мүшеқаптар қорғайды). Екіншіден, осы тәсілді қолдану тиімділігі өте кішкентай. Егер бес әйел осы тәсілді қолданса, оның біреуі жүкті болады. Егер жақын арада балаға дайын болмасаң, ерінбей дәріханаға барып мүшеқап сатып ал. Ал егер таба алмай жатсаң, тапқан уақытқа дейін күте тұрған дұрыс.

Егер жыныстық қатынас бірінші рет болайын деген жағдайда

Шарап ішсең артық емес

Қатты уайымдап жатсаң кішкене ғана шарап ішсең болады. Иә, шарап сенің уайымдарыңды басуға көмектеседі! Бірақ тым көп шарап ішпеуге де тырыс. Неліктен деп сұрасаң — көп шарап ішкенде сен өзіңнің қалай сезініп жатқаныңды байқамай қалуың мүмкін. Бір жерің ауырып тұрса тоқтап, неге ауырып тұрғанын түсіну керек деген сөз. Ал шарап көп болғанда ол туралы ойланбауың да мүмкін. Ішпейтіндер де іше бастасын деген сөз емес әрине.

Ауырса не істеймін?

Бірінші рет кезінде көп әйелдер ауырсыну сезуі мүмкін. Ең біріншіден — өзіңнің жолдасыңа жыныстық қатынас басталғанша нәзік болсын деп айтып қой. Оған қоса дәріханаларда лубрикант алсаң болады. Лубриканттар сұйық болғанының арқасында енуді оңайрақ қылады. Егер мүшеқаппен қолдансаң, суды негізде лубрикант алып қой, өйткені май негізіндегі лубриканттарды мүшеқаптармен қолдануға болмайды.
Ал бәрі басталғаннан кейін өзіңді тыңда — қатты ауырса жолдасыңды тоқтат.

Бірінші реттен бәрі сәтті бола бермейді. Сондықтан, сабырлы бол, өзіңді біртүрлі деп санаушы болма. Келесі рет те тырыс, мүмкін үшінші, не оныншы рет кезінде сәтті болады.

Егер жыныстық қатынас бірінші рет болайын деген жағдайда

Ең маңыздысы — өзіңді тыңда

Бұл ең маңызды кеңес. Жоқ, кеңес емес — ереже. Ең басынан сен тек өзіңді тыңдау керексің. Ең басынан ойлан: жолдасың саған қысым түсіріп тұрған жоқ па? Тек өзің онымен болғың келсе қал. Оған “жоқ” деуге құқығың бар. Қатты ауырсыну сезіп жатырсың ба? Бұл жыныстық қатынасты жалғастырғың келмей ма? “Жоқ” деуге құқығың бар. Өзіңді және өзіңнің денеңді тыңда. Есіңде болсын: әр әйелдің тәжірибесі әртүрлі. Қыз достарыңнан, не ана-тәтелеріңнен кеңес сұрасаң әрине болады. Алайда, ешқашан өзініңді олармен салыстырма.

Читайте также

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Я соглашаюсь с правилами сайта