Ерекше фотосессия ұсынған Say Mo & Doss не себепті сынға ұшырады?

«Таңқалдырудан жалықпайсыңдар!» Инстаграмға кезекті фотосессиясын жүктеген Say Mo қатаң сынның астына қалды. Рэп орындаушы өнердегі әріптесі Дос Усабаевпен бірге хэллоуин мерекесіне арнап арнайы контент әзірлеген.

«Қалыңдықтың мәйіті» мультфильмінен шабыт алған Мөлдір мен Ердостың идеясы оқырмандарды бейжәй қалдырмады. Фолловерлердің жартысы қос жұлдыздың ерекше гриміне тәнті болса, кейбірі «мұның еш қажеті жоқ еді», — деп реніштерін білдіруде. Оған қоса, өмірде жақын дос болып жүрген Мөлдір мен Ердосты жұп ретінде көргісі келетін фанаттар да табылды.

Поделиться: