Еркектер сіздің қай дене мушеңізді ең қатты ұнатады?
Фото: Instagram

Бүгін біздің контрибьютор — сексолог Мөлдір Қазиева аса қызықты тақырып жайлы әңгіме қозғамақ!

Көбіңіз қос анарыңыз Скарлетт Йоханссондікіндей үлкен және арт жағыңыз Ким Кардашьяндікіндей дөңгелек болғанын қалайды екенсіздер!



Қызық! Сексуалды планда еркекке әйелдің бесінші нүктесі мен қос алмасының формасы шынымен маңызды ма? Әлде жоқ па? Бұл сұрақтың жауабын бірге анықтайық!

Ең алдымен еркек атаулы көзімен жақсы көреді және ұстап-сипағанды ұнатады. Тіпті қасыңызда ұйқылы-ояу жатса да, қолымен жұмсақты ұстап жатқан оларға ұнайды.

Еркектер сіздің қай дене мушеңізді ең қатты ұнатады?

Еркектер үшін ең сексуалды дене бөлігінің бірі “көтен” болғандықтан, оған көп көңіл бөледі. Көтені дөңгеленген, тартымды әйел көзге түсері анық. Психологтардың зерттеуінде, еркек “құйрығы” дөңгеленген әйелді бейсаналы түрде таңдайды дейді. Өйткені ондай байлықтың иесі еркекке дені сау және ақылды бала тауып беретініне санасы сенеді.

Тәжірибе де бұл теорияны растап отыр. Көтені майлы әйелдерде босану басқаларға қарағанда жеңіл өтетін көрінеді, тіпті олар бедеулікке де аз ұрынады екен. Міне қызық! Үлкен “көтен” иелері тамаша репродуктивтілігімен қоймай, ақыл-ойының жоғары болуымен және темірдей денсаулығымен де ерекшеленеді.

Еркектерге үлкен көтендер ұнайды, алайда ол үйлесімді әдемі және тартымды болуы қажет екенін білдік. Ал омырау ше? Үлкен омыраулар еркекті несімен арбайды? Олар жұмсақ, әдемі және оны қолыңда ұстау сондай жағымды — деп сипаттайды еркектер.

Еркектер сіздің қай дене мушеңізді ең қатты ұнатады?

Әр еркектің ұнайтын омырау көлемі әртүрлі. Маңыздысы ол еркектің алақынана сыйып кеткені керек. Өйткені, көкірегіңіз еріңіздің антистрессі. Және төсек қатынасындағы керемет гипноз жасаушы. Кез келген позада (жатса да, тұрса да, отырса да) әйелдің қос алмасы еркекті баурап алады.

Үлкен алмалар — бұл еркектің қауіпсіздік жастықшасы секілді. Ұстап, мыжғанның өзінен ләззат алады. Тіпті кейбір рөлдік ойындарда немесе позаларда қос анардың үлкендігі сондай ыңғайлы болады. Бірақ жоғарыда айтқандай әр еркектің талғамы мен таңдауы әртүрлі. Сондықтан, талғамға талас жоқ!⠀

Еркектер сіздің қай дене мушеңізді ең қатты ұнатады?

Сіз қалай ойлайсыз? Табиғат бермеген үлкен омырау мен көтенді қолдан жасауға (жаттығу, тамақтану т.б.) бола ма? Әлде міндетті түрде пышаққа түсу қажет пе?

Текст: Мөлдір Қазиева

Поделиться:
Читайте также