Өткен аптада британдық жазушы Джоан Роулинг жас сиқыршы Гарри Поттер туралы 2016-шы жылы жаңа кітап жарыққа шығаратыны жайында жариялады. Бұл жаңалық әлем бойынша жанкүйерлер арасында үлкен талас туғызды. Көбісі бұл кітап алдыңғы романдар сериясының тура жалғасы болып, Гарри мен ұлы Альбус Северус арасындағы қарым-қатынастарды баяндайды деп ойлады. Біз сіздерге «Гарри Поттер және қарғалған сәби» (Гарри Поттер и проклятое дитя) атты жаңа кітапқа қатысты білуге тура келетін мәліметтерді бір жерге жинадық.

Шілде айында Лондонда «Palace» театрында сценариші Джек Торнның «Гарри Поттер және қарғалған сәби» пьесасы қойылады. Екі бөлімнен тұратын спектальге билеттер сатылымға түскеннен бастап толығымен сатылып кетті.

Гарри туралы соңғы фильмінің көрсетілімі аяқталғаннан кейін, Роулинг бізді анамыз сияқты ешқашан қалдырмайтынын сезіп едік. Енді бізге керемет сиқыршылар әлемін сыйлаған жазушы жанға жайлы жаңалықпен қуантып жатыр.

Жаңа кітап қашан жарыққа шығады?

«Гарри Поттер және қарғалған сәби» (Гарри Поттер и проклятое дитя) деп аталынатын екі бөлімнен тұратын кітап 2016 жылдың 31 шілдесінде ресми түрде сатылымға түседі. Сондай-ақ, барлық электронды құрылғыларға арналған кітаптың электрондық нұсқасы да сол күні қолжетімді болады. Егерде есіңізде болса, дәл осы күні Гарридің туған күні. Кітаптың шығуы осы күнге әдейі келістірілген.

Гарри Поттер туралы жаңа кітабына қатысты қажетті мәліметтер 1

Жас сиқыршы Гарри Поттер жайындағы кітаптар сериясы 1998 және 2007-ші жылдар аралығында жарық көрді. Роулингтің романы әлемнің 77 тіліне аударылып, 450 миллионнан астам данамен таралды. Кейін уақыт өте келе барлық кітаптар экранизацияланып, 2001-2011 жылдар аралығында сегіз фильм түсіріліп, үлкен экрандарға шықты.

Жаңа кітап не туралы болады?

«Гарри Поттер және қарғалған сәби» пьесасы есейген Гарри Сиқыршылар министірлігінде қызмет етіп, мектепте оқитын үш баланы тәрбиелеп жатқан кезең жайында баяндайды. Соңғы сәттен 19 жыл өтті. Гарри өзінің тынышсыз өткен жастық өмірін есінен шығара алмай, қатты қайғы тартады. Ал оның ұлы Альбус Северус болса әкесінің танымалдылығын көтере алмай, жолы адасқан жандай болады. Әкесінің басынан кешкені оған тыныштық бермей, ол қарапайым балалар сияқты өмір сүруге мүмкіндігінен айырылады. Күтпеген жерден келетін жамандықтарды әкесі пен ұлы бірігіп, күресуге тырысады. Сонымен қатар, шығармада Гермиона мен Ронның да өміріне көңіл бөлінеді.

Гарри Поттер туралы жаңа кітабына қатысты қажетті мәліметтер 2

«Гарри Поттер және қарғалған сәбидің» бағасы қанша болады?

Кітаптың бағасы $14,99 доллар болады деп күтілуде. Алайда шілде айында кітапты ұтып алуға болатын түрлі байқаулар мен турнирлерді өткізу жоспарланып отыр. Гарри Поттерға арналған шетел және ТМД елдерінің сайттарын қадағалап отыруыңызға болады.

Amazon интернет-дүкенінде сатылымға түспеген кітап бестселлерлер тізіміне еніп үлгерді. Әлем бойынша көптеген адамдар кітапқа тапсырысты қазірден бастап беріп жатыр екен.

Гарри Поттер туралы жаңа кітабына қатысты қажетті мәліметтер 3

Бұл кітап толық роман немесе «Гарри Поттер» туралы сериялардың жалғасы емес. 

Жазушының айтуынша, «Гарри Поттер және қарғалған сәби» алдыңғы кітаптар сериясына кіретін сегізінші бөлімге жатпайды, ол – драматург Джек Торнның Роулингтің романдарының сюжетінің негізінде жазылған пьесасы. Оның романнан айырмашылығы бар. Кітап болып қағазға басылатынның себебі Лондондағы қойылымға келе алмайтын жанкүйерлерде болып отыр. Сондықтан басқа қалалар мен мемлекеттерде тұратын жанкүйерлер үшін жаңа кітап арнайы басылым (Special edition) ретінде шығады.

Пьесаның театрдағы қойылымы алдында сценарийдегі кейбір оқиғалар өзгертілуі мүмкін. Осы өзгертулерді ескере отырып, пьесаның кітап ретінде екінші бөлімі жарық көруі де ғажап емес.

Гарри Поттер туралы жаңа кітабына қатысты қажетті мәліметтер 4

Осы жылы Джоан Роулингтің жанкүйерлеріне дайындаған басқа да жаңалықтары жетерлік.

Сіздер білетіндей, осы жылы қараша айында «Фантастикалық жануарлар және олардың мекендейтін жерлері» (Фантастические звери и места их обитания) атты фильмінің премьерасы өтеді. Фильмнің сценариін Роулингтің өзі жазған болатын. Сюжет бойынша, Гарри Поттерде бейнеленген оқиғаларға дейінгі 70 жыл бұрын болған өмір суреттеледі. Осы картинаға орай жазушы өзінің түсініктемелері бар кітап шығаруды жоспарлап отыр.

Гарри Поттер туралы жаңа кітабына қатысты қажетті мәліметтер 5

2017-ші жылы Гарри Поттердің тақырыбындағы қайта рәсімделген «Школьные учебники Хогвартса», «Сказки Барда Бидля» және «Квиддич с древности до наших дней» кітаптары жарыққа шығады. Оның барлығы «Гарри Поттер и философский камень» кітабының сатылымға түскеніне 20 жылдық мерейтойына орай жасалынады.

Осының барлығын ескере отырып, осы жыл керемет өтетініне еш күмәніміз жоқ. Гарри Поттер әрқашанда біздің жүрегімізде қалатын кейіпкер!