"Google-дан сұра": сіз неге балаларыңызбен секс туралы сөйлесуге ұяласыз?
Фото: Pexels.com


Біздің контрибьютор — сексолог Мөлдір Қазиева аса қызықты тақырып жайлы әңгіме қозғамақ!

Жағдай мынадай: баласы анасынан келіп секс деген не? — деп сұрайды. Мамасы не деп жауап берерін білмей “Гуглдан оқып алшы” деген.

Дәл қазір гуглды ашып, баланың “секс” деп сұраған сұрағына қандай жауап шығатынын қараңыз. Тек порно сайттар және ондағы жалаңаш суреттер мен видеолар ғана. Секстің не екенін білмейтін бала (шамамен 10 жас шамасында делік) осындай ақпаратты қалай қабылдайды деп ойлайсыз? Әлбетте дұрыс қабылдамайды.

1. Бұл туралы ата-ана баласына неге айта алмайды? Не кедергі? Енді осыны толығырақ талқылап көрейік.

Алдымен өзіңізде жыныстық тәрбие туралы қордың жоқтығы. Яғни, ерте жыныстық қатынастың салдары, ерте жүктілік, түсік тастау, интимді гигиена және т.б. интимді проблемалар жайлы ақпараттарды білмеуіңіз. Сәйкесінше білмеген соң жауап беруге қиналасыз.

2. Бетіңіз қызарып қатты ұяласыз. Бұл тақырыпта балаңызбен әңгіме-дүкен құрмақ түгілі, “секс” сөзін айтудың өзі сіз үшін ұятты. Ал шындығында мұнда тұрған ешқандай ұят жоқ. Сізді бұл ұят деп өсірген болуы мүмкін. Дегенмен, өзіңізбен жұмыс жасап, ұятыңызды жеңіп балаңызбен ашық әңгімеге шығуға болады.

3. Сөйлесу барысында сөздерді дұрыс таңдай алмай, ойымды дұрыс жеткізе алмай қаламын деген қорқыныш бар. Сізге қарағанда гугл сөздерді дұрыс таңдаймайтынын көрдіңіз. Қателесуден қорықпай, сұрағына байыппен, балаңызға түсінікті тілде жауап беріңіз. Тек жауап беріп қана қоймай, тағы не білгісі келетінін, тағы сұрақ туындаса жауап беруге дайын екеніңізді жеткізіңіз.

"Google-дан сұра": сіз неге балаларыңызбен секс туралы сөйлесуге ұяласыз?

Есіңізде сақтаңыз! Интимді тақырыптағы сұрақтарына дұрыс жауап бере отырып, балаңызды жыныстық зорлықтан, ерте жүктіліктен және т.б. кездесетін көптеген проблемалардан сақтайтыныңызды ұмытпаңыз. Сондықтан алдымен өзіңіз сауатты бола отырып, балаңызға да үздіксіз жыныстық тәрбие беруді жалғастырыңыз.

Сіз балаңызбен бұл тақырыпта неше жасында сөйлестіңіз? Өзі келіп сұраған сіз үшін ыңғайсыз сұрақтарына қалай жауап бердіңіз?

Текст: Мөлдір Қазиева

Читайте также

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Я соглашаюсь с правилами сайта