Ирина Қайратовнада бойдақтар азайды! Азамат Маркленов ресми түрде шаңырақ көтерді!

ИК тобының жігіттерінде шығармашылық емес, жеке өмірлерінде өзгерістер көп. Мәселен, күні кеше ұжым мүшесі Азамат Маркленов үйлену тойын дүркіретіп атап өтті.

Ирина Қайратовнада бойдақтар азайды! Азамат Маркленов ресми түрде шаңырақ көтерді!
Источник: @chichixxan

Еске салсақ, Марка сүйіктісін маусым айында ұзатып алған еді. Музыкант араға бірнеше ай салып қалыңдығымен тойын өткізді. Айтулы кешке Азаматтың ет жақындары мен өнердегі әріптестері ғана келген. Ал, Маркленовтың жары жайында ақпарат жоқтың қасы. Ең бастысы, жастар бақытты болсын!

Ирина Қайратовнада бойдақтар азайды! Азамат Маркленов ресми түрде шаңырақ көтерді!
Источник: @marklenov

Поделиться: