«Ирина Кайратовна» тобы АҚШ-қа гастрольге аттанды!

«Ирина Кайратовна» тобы Америка Құрама Штаттарын бағындыруда! Желі жұлдыздары шетелге арнайы гастрольді сапармен аттанды. Музыканттар Нью-Йорк, Майами, Чикаго, Лос-Анджелес қалаларында өнер көрсетіп жүр.

U.S TOUR 2022 сапарына ИК жалғыз кетпеді. Жігіттердің қастарында Азамат пен Алдиярдың әйелдері де қолдау білдіріп жүр. АҚШ елінің қазақ азаматтары мен азаматшалары ұжымды жақсы қарсы алған. Мәселен, Нью-Йорк қаласында өткен концертте ине шаншар жер болмаған. Соған қарағанда, шетелдік тыңдарман ИК-нің ән кешіне аншлагпен келуде. Ал, билет құны 100 доллардан бастау алады.

Поделиться: