Питание

Күйзеліс –  қазіргі заманда адамдардың басым бөлігі күресіп келе жатқан ең басты мәселелердің бірі. Одан бөлек, ол ағзадағы тамақтың қорытылуына да әсер етеді. Спорт арқылы дұрыс тамақтануды дәріптеп жүрген диетолог маманы Джесс Хиллардтің айтуынша, көңіл-күйдің түсуі немесе одан да сорақысы ақуыздың жетіспеушілігінен болады. Әсіресе, ол мидағы дофаминнің мөлшеріне зақым келтіреді. Ал, дофамин адамдарға бақыт гармоны пайда болуына септігін тигізеді. Диетолог Express-пен әңгімелесіп отырып:

«Соңғы зерттеугерге сүйенсек, ақуыз бен психикалық денсаулық бір-бірімен байланысты екенін белгілі болды. Тамақпен бірге жейтін тоғыз маңызды аминқышқылдары бар, себебі ағза оны өздігінен бөле алмайды. Мәселен: дофамин – бақыт гармоны – оның құрамында сондай-ақ, аминқышқылы бар. Сондықтан, ақуыз жетіспеушілігінен біз бақыт гармондарын сезіне алмай, қиналамыз«.

Егер сіз ешқандай мотивация сезіне алмасаңыз, күні бойы бір нәрсені алаңдап жүріп, көңіл-күйіңіз жиі түссе, бар мәселе либидода, оған қоса ақуыздың жетіспеуінен де болуы мүмкін. Оның орнын азық-түліктің түрлерімен толтырып көруге мүмкіндік бар: 

тауық жұмыртқасы

бұршақ, әсіресе фасоль

ақуыз

жарма: сұлы, бидай, күріш, жүгері

тофу

саңырауқұлақ

сүт өнімдері

жаңғақ

Өзіңізге, психикаңызға қамқорлық танытып және дұрыс тамақтану қажет❤️

Поделиться: