«Әкесінің уақыты жоқ!» Мөлдір Әуелбекова тұңғышы мен экс-күйеуінің қарым-қатынасы жайлы айтты!

Мөлдір Әуелбекова инстаграм парақшасында оқырмандарына сырын ақтарды. Эстрада әншісі үш жылдан бері алғаш рет экс-күйеуіне жазғанын мойындады. Өнер иесі мұның барлығын өсіп қалған ұлы үшін істегенін айтады.

«Сонымен баламды өзім әкесіне апарып, көрістіріп тұратын боламын. Бұйырса, көбірек бірге уақыт өткізер. Әкесі құптайды. Бірақ уақытым жоқ, — дейді.»

«Қателеспесем, соңғы үш жылда алғашқы сөйлесуім осы. Әкесін мақтап, айтып отырамын. Ол да соңғы 3-4 айда «балама» деп ақша жіберіп жүр. Бірақ балам өсті. Қазір сөзбен арбауға көнбейді. Көрістіру мақсатында өзім жаздым.»

Дәл осы сөздер Мөлдірдің инстаграмдағы оқырмандарына stories жазған жазбасы.

Поделиться: