«Оскар» марапаттау салтанаты жақындаған сайын (осы жылы 28-ші ақпанда өтеді), кинотеатрларда ең беделді жүлдеге үміткер болып отырған фильмдер бірінің артынан бірі экранға шығып жатыр. Олардың арасында басты «Ең үздік актер» номинациясындағы актерлердің жұмысын көріп, бағалап үлгердік. Осы жолы көпшілік жақсы көретін, шеберлігі мен дарындылығын жоғары бағалайтын актер Леонардо Ди Каприоның американдық киноакадемиктермен үздік атануға қарсыластары арасында Майкл Фассбенбер (ағылшын режиссері Дэнни Бойлдың «Стив Джобс» фильміндегі рөлі үшін), Эдди Рэдмейн (ағылшын режиссері Том Хупердің «Девушка из Дании» фильміндегі рөлі үшін), Брайан Крэнстон (америкалық режиссер Джей Роучтың «Трамбо» фильміндегі рөлі үшін) және Мэтт Дэймон (Ридли Скоттың «Марсианин» фильміндегі рөлі үшін) сияқты актерлер бар.

Леонардо Ди Каприоның "Оскардағы" мүмкіндіктері 1

Біздің ойымызша, Леоның басты қарсыластары ол – Крэнстон мен Фассбендер. Рэдмейн рөлін қаншалықты керемет сомдағанына және хирургиялық әдіспен жынысын өзгерткен тарихтағы бірінші адам, даниялық суретші Эйнар Вегенердің кейпі ерекше әрі толерантты қоғамға маңызды болғанына қарамастан, киноакадемиктер Эддиге екінші рет қатарынан «Оскарды» бере қоймас. Сондай-ақ, Рэдмейн кейіпкерінің ішкі жан-дүниесін жөнді аша алмады. Біз оған толығымен сене алмадық. Ал «Во все тяжкие» сериалында Уолтер Уайттың рөлімен баршаға танымал болған Крэнстонның кейіпкеріне тоқталатын болсақ, 1940-шы жылдары коммунистік партияның мүшесі болған Далтон Трамбо Голливуд тарихында ең үздік сценарийшілердің бірі. 59-жасар актер келісімдерге бармайтын, өмірлік ұстанымынан таймайтын, қыңыр тұлғаны керемет көрсете алды. Саяси көзқарасы үшін голливудтың қара тізіміне еніп, автор қуғынға ұшыраған. Дегенменде, «Римские каникулы», «Спартак», «Мотылек» және «Джонни взял ружье» туындылардың жаратушысының өмірбаяны мәдениет әлемі үшін маңызды болғанымен, американдықтар қоғамдық өмірде маккартизм антикоммунистік қозғалысы билеген кезеңді естеріне түсіргенді ұнатпайды. Олар үшін бұл адамның рухани бостандығы шектелген жағымсыз кезең.

Леонардо Ди Каприоның "Оскардағы" мүмкіндіктері 2

Фассбендер Apple корпорациясының негізін қалаушы Стив Джобстың психологиялық портретін тамаша көрсеткені сөзсіз. Жаңа фильмде сөйлесуге көп көңіл бөлінгендіктен, Майкл 200-ден астам беттен тұратын сценарийді жаттап алуға мәжбүр болды. Танымал сценарийші Аарон Соркиннің сценариі бойынша түсірілген Бойлдың картинасы театрлық қойылым сияқты тұжырымдамалық және күрделі болғандықтан, бұл рөл үлкен шеберлік пен дарындылықты қажет етті. Актер түр-келбетімен Джобсқа ұқсамаса да, деспоттық тәртіппен ірі компанияны басқарған, талап қойғыш адамның мінезін керемет ойнап шықты. Тіпті Джобспен бірге жұмыс істеген бұрыңғы достары Фассбендерге қарап, марқұм Стивті көргендей болған екен.

Жоғарыда айтып кеткен екі мықты актерлердің рөлін ескере отырып, дегенменде біз Ди Каприоның ойыны қызықтырақ әрі қиынрақ болды деп санаймыз. Шынайы өмірде болған, жаралы жанды қоныс аударған Хью Гласс есімді аңшы сияқты кейіпкер актердің карьерасында 1993-ші жылы экранға шыққан «Что гложет Гилберта Грейпа?» фильмінен кейін болмаған. Гласс сыртқы келбетінен бастап, ішкі жан-дүниесіне дейін өте күрделі кейіпкер. Ди Каприоның осының алдындағы кейіпкерлері көп сөйлейтін болса, «Выживший» картинасында Гласстың сөздерін қолдағы саусақтармен санап шығуға болады.

Леонардо Ди Каприоның "Оскардағы" мүмкіндіктері 3

Актер өнер үшін үлкен құрбандыққа барып, Гласстың өмірін өз бойынан кешірді. Веган болып табылатын Лео шикі балықты да жеді, өлген жылқының ішінде де түнеді, бизонның (батыс Америка жерінде мекендейтін өгіз) қан сорлаған бауырының дәмін де татты, -20 градустық аязда мұзды суға да түсті. Осының барлығын көріп, сенің алдында голливудтың серісі Ди Каприо екенін ұмытып та кетесің. Біздің алдымызда ажалдың аузынан аман қалған, баласынан айырылған, ерік жігері мықты аңшы. Сонымен қатар, Америка халқы үшін зерттелмеген өлке оқиғасы өте маңызды болып табылады. Ал Гласстың өзі болса аты аңызға айналған кейіпкер, оның оқиғасын үлкен кісілер үлгі ретінде немерелеріне айтады.

Леонардо Ди Каприоның "Оскардағы" мүмкіндіктері 4

ТМД-елдерінің киносыншылары Леонардоның рөлін сынға салып, бұл фильмде ол ерекше ештеңе көрсетпеді деген пікірлерін білдіруде. Біз ол ойлармен келіспейміз әрине. «Оскар» жүлдесіне алты рет («Выживший» фильмін қосқанда) үміткер болған актерге киноакадемиктер 1993-ші жылдан бері «алтын адамды» қарыз. Ди Каприо қазіргі заманның Голливудында еңбетеніп жатқан ең керемет әрі дарынды тұлғалардың бірі. Үлкен шеберлігі үшін бүкіл әлем құрметтейтін жігіт Лос-Анджелесте дүниеге келген. Американдық киноакадемияның өзінің дарынды жерлестерін құрметтеп, сый-сияпат көрсетпеуі өкінішті-ақ.

Қаңтардың соңында Лео АҚШ-тың Актерлер гильдиясының (SAG Awards) жүлдесімен алғашқы рет марапатталған болатын. Киноакадемияның басым бөлігі Актерлер гильдиясының құрамына кіретіндіктен, біз «Оскарда» да Ди Каприо жүлдесіз кетпейтініне үміттенеміз.

Тамаша актерлік (Том Хардиді де атап кетпесек болмайды) ойыннан басқа, мексикандық режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің «Выживший» фильмінің көркемдік ауқымы мен философиялық ойлары да таңқалдырады. Қазіргі заманның ең үздік операторы Эммануэль Любецкидің дарындылығы шексіз болғаны соншалық, әр кадрға тамсанып, аузын ашып қарайсың.

Леонардо Ди Каприоның "Оскардағы" мүмкіндіктері 5

«Выживший» 28-ші ақпанда өтетін «Оскар» марапаттау салтанатында 12 номинацияда бақ сынасады – «Ең үздік фильм», «Ең үздік режиссер», «Ең үздік актер» (Леонардо ДиКаприо), «Екінші пландағы ең үздік актер» (Том Харди), «Ең үздік оператор» (Эммануэль Любецки), «Ең үздік костюмдер», «Ең үздік дыбыс», «Ең үздік монтаж», «Ең үздік дыбыс монтажы», «Ең үздік визуалды эффектілер», «Ең үздік грим және шаш үлгілері», сондай-ақ «Ең үздік қоюшы-суретші».

Біз Леонардо мен фильмге шын жүректен сәттілік тілейміз! Осы фильмде еңбектенген барлық адамдар жүлдеге тұрарлық.

Понравилась статья?

Подпишись на рассылку и будь в курсе самых интересных и полезных статей

Без спама и не чаще двух раз в неделю