18+
31 мая 2016

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагері» неміс тілінде жарық көрді

Қазақтың ақтаңгер ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тілінде жарық көрді. Оны неміс жазушысы Герт Хайденрайх аударды. Кітап Қазақстан Гете институтының демеушілігімен Германиядағы «Buchergilde» баспасынан жарық көрді.

Жаңа кітаптың неміс тіліндегі нұсқасы Германияның Лейпциг қаласында алғаш оқырман қауым­ға таныстырылып, тұсауы кесілді.  Аталмыш кітаптың еліміздегі тұ­сау­кесері осы жылдың 25-27 мамыр аралығында Астана мен Алматыда өтті. Іс-шараға аударма жұмыстарына қатысқан аудармашылар тобы мен Ильфа Ілиясқызы шақырылды.

Ілияс Жансүгіровтің "Құлагері" неміс тілінде жарық көрді 1

Айта кетейік, Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы — қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.

Ол А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шыққан. Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс аударғанын дәлелдеді.

Читайте также
подписка на рассылку
нет, спасибо

Закрыть через: