Love yourself: имбилдинг туралы білесің бе?

Біздің контрибьютор — сексолог Мөлдір Қазиева бүгін аса қызықты мәселе жайлы әңгіме қозғамақ!

Сіз фантастикаға, ғажайыпқа, арманыңыздың бір сиқырмен орындалып кетуіне сенесіз бе? Ия, ол керемет болар еді. Бірақ өмірде орын алған ғажайыптың артында азғантай болсын еңбек тұратынын ұмытпаңыз.



Мысалы, еріңізбен қарым-қатынасыңыздың өзгергенін немесе жақсарғанын қалайсыз делік. Ұмтылмас сезімдер мен эмоцияларды бастан кешіргіңіз келеді. Сенесіз бе, бұл өз қолыңызда… Ғажайыпты жасау сіздің қолыңызда. Керегі тек сіздің қалауыңыз және уақытыңыз ғана.

Love yourself: имбилдинг туралы білесің бе?

Өзіңізді толықтай жақсы көріп, тіпті кемшіліктеріңізге дейін ғашық болыңыз, тәніңізді жаныңызбен сезініңіз. Және имбилдингпен (интимді гимнастика) айналысып бастаңыз;

🍓босанған соң қапыңызға қайта келу, вульваңыздың (қынаптың) әрбір миллиметрімен секстің қандай екенін қайта сезіну үшін. Себебі, сіз табиғи жолмен немесе кесарь тілігімен босансаңыз да ағзаңыз, қынап бұлшықеттері үлкен өзгеріске ұшырайды;
🍓жамбас қуысы бұлшықеттерінің қанайналымын жақсартады;
🍓әйелдік энергия мен либидоны көтереді;
🍓психологиялық қайта қалпына келуге көмектеседі;
🍓жатырдың төмен түсуінің алдын алады, алғашқы стадияларында қайта орнына келтіреді;
🍓егер сізді іш қату болса немесе түшкіргенде кіші дәрет тамып кетсе бұл проблемалардың да шешімін табады;
🍓көптен бері құрсақ көтеріп жүкті бола алмасаңыз, овуляцияны сезбесеңіз де;
🍓жүктіліктің соңғы айларында босануға (разрывсыз) өзіңді дайындау үшін;
🍓үнемі жас көрініп, ұзақ өмір сүргіңіз келсе;
🍓етеккір кезіндегі ауырсынуды, бел ауруынан айығу үшін … деп имбилдингтің пайдасын ұзақ санап отыра аламын. Сізден керегі жай ғана бастаңыз! Өзіңізді сүюді. Көңіл бөлуді. Имбилдингты.

Love yourself: имбилдинг туралы білесің бе?

Жасыңыз маңызды емес, 18-дегі жас қыз немесе 68-дегі апа болсаңыз да кеш емес. Жай ғана бастаңыз!

Текст: Мөлдір Қазиева

Поделиться:
Читайте также